Сүт туралы не білеміз?

944
0
Бөлісу:

 Сүттің ағзаға пайдалы екенін әр адам бала кезден біліп өсті. Тіпті сүт жайында бәрін біліп тастағандаймыз. Алайда сүтке қатысты кейбір деректер әлі де жұртты таңдандыруы мүмкін. 

  • Жер бетіндегі адам жылына 580 млн литр сүт ешсе, күніне  —  1,5 млн литр сүт ішіледі екен. Мұндай көлемді жабу үшін күніне 105 000  сиыр сауылу керек.
  •  Бұрынғы кезде сүт ашып кетпеу үшін ішіне бақаны салып қоятын. Өйткені бақаның терісінен бөлініп шығатын ылғалдың антимикробы бактерияның өсуін тоқтатады.
  • Сүтті көрінбейтін сия ретінде пайдалануға болады. Парақты қыздырса, сүтпен жазылған жазба көрінеді. Бұған дәлел В.Лениннің түрмеде жатқанда сыртқа осындай хаттарды жіберіпті. 
  • Күн күркіреп, найзағай ұрғанда сүт ашып кетеді екен. Бұған ұзын толқынды электромагнитті импульстің әсері  тиеді.
  • Сүттің 90 пайызы судан және 80 пайызы пайдалы минералды элементтерден тұрады.  Ультрапастерлеуден өткен сүттің құрамында кальций, калий, магний мен дәрумендер өзгеріссіз сақталып қалады.
  • Күш салатын жаттығулардан кейін сүт ішсе, дене бітімінің қалпы жақсы сақталады. Өйткені сүт адам бойындағы еттің өсуіне көмектесіп, ағзада жиналып қалған майды жаңқалап тастайды.
Бөлісу: