ҚаSaqtar. Геродот заманындағы деректер не дейді?

1688
0
Бөлісу:

Қазақ сөзінің шығуы тарихта тек біздің дәуіріміздің XIV – XV ғ.ғ., яғни қазақ хандығының құрылуымен байланыстырылады. Менің ойымша, біз ол сөздің шығуын «сақ» немесе «скиф» дәуірі деген атпен белгілі заманнан бастау керек. Егер «қазақ» сөзінің бізге бұрмаланып, кейде қысқартылып жеткенін ескерсек, онда осы сөздің тарихта б.д. дейінгі XI ғасырда да қолданылғанына көзіміз жетеді. Себебі, «сақ» немесе «скиф» парсының Sakâ (сақа) және гректің Σκύθης (скитцисз) сөздеріне негізделіп тұр, яғни олар – кеңірек таралған әрі көбірек мәлім терминдер.

Өкінішке орай, Геродот заманындағы грек дереккөздеріндегі Sakâ және Σκύθης сөздерімен бірге Apâ Sakâ «апа сака» және Skythikē «қычике» немесе «қайзайқ», қыпшақ және қазақ сөздерінің бұрмалануынан туындауы мүмкін екендегін ескермейміз.

Қытайша сақтарды 塞 Sāi (сай) деп және кейбір деректерде Saq деп те атағаны жайлы тарихта бар. Ал қыпшақтарды қытайлар 欽 察 «цзинтия» Qīn chá «қынша» деп атағаны да белгілі. Қытайдағы қазақтар тұратын жер Шыңжаң Xinjiang  деп аталады. Осы Xinjiang сөзі ағылшынның Scythian сөзіне де ұқсас, өйткені біріншісі «синцияң» болып оқылса, екіншісі «сцисциян» деп оқылады. Себебі, ағылшының Scythian сөзі гректің Σκύθης сөзіне негізделген.

Сақтар туралы мағлұматты біз Геродоттың, Спатаменнің және басқа сол заманғы тарихшылардың жазып қалдырған тарихи деректерден аламыз. Геродоттың жазған тарихының ағылшынша аудармасында мынадай қатарлар бар: «The Sacae, or Scyths, were clad in trousers, and had on their heads tall stiff caps rising to a point. They bore the bow of their country and the dagger; besides which they carried the battle-axe, or sagaris. They were in truth Amyrgian Scythians, but the Persians called them Sacae, since that is the name which they give to all Scythians». Қазақша аудармасы: «Сақтар дегеніміз скифтар, олар төменгі жақтарына шалбар ал бастарына ұшқыр қалпақ киеді. Олар өз елінің садағы мен қанжарын әрі заңғар деп аталатын соғыс айбалтасын асынып жүреді. Шынымды айтсам, мен оларды әмерлік сақтар деп ойладым, бірақ парсылар оларды сақай екенін айтты, өйткені олар сақтардың барлығын сақай деп атайды». Осы қатарлардағы «әмерлік сақтар» деп отырғаны Амударья сақтарына ұқсайды.

Кейбір деректер бойынша сақ сөзінің мағынасы ежелгі сақ тілінде «бұғы» дегенді білдіретіні жазылған. Ол сөз осетинше «сағ» деп айтылатыны да көрсетілген. Сондықтан бұл жерде сақ дегеніміз сайғақ (киік) екеніне еш күмән келтірмеу керек. Сайғақты біз ақ бөкен деп те атаймыз, яғни ол өз кезегінде ақ бұғы деген мағынаны береді.

Жоғарыда айтылғандардан шығатыны сақ – қыпшақ немесе қазақ сөздерінің түбірі, яғни ежелгі атауы немесе қысқарған түрі. Демек, сақ, қыпшақ және қазақ – бір халық.

Сақия – Геродот заманындағы қазақтардың патшалығы. Осы империяның орталығы қазіргі Қазақстан территориясы, оның ішінде Алтай және Алатау өңірлері. Сонда, сақтар, шын мәнісінде, Ауғанстан жақтан келген үнді-иран тілді халық деген пікір жаңсақ болып шығады. Дәлірек айтсақ, олар сырттан келмеген, сол Сақияның бір бөлігі болған. Себебі, әлгінде берілген Геродоттың тарихында сол ирандықтардың, яғни парсылардың өздері оны растап отыр, әрі Ауғанстан территориясы сол сақтардың патшалығында болуы әбден ықтимал. Оған қоса тарихта ахеменидтердің қазіргі Ауғанстан жерін тек б.д. дейінгі VI ғасырда парсылардың империясына қосқаны мәлім. Ауғанстан жеріндегі пуштун руы негізгі халық болып есептеледі. Бір дерек көздерде пуштундардың құрамында зай, сақзай, қақазай руларының бары және олардың көшпенді ел екені айтылады (осыған қарағанда пуштун деп отырғанымыз бошай немесе божбандарға ұқсайды). Енді бір дәлелі – сақ ақсүйектері қорымдарының, көптеген басқа тарихи жәдігерлердің, оның ішінде, Алтын Адамның Қазақстан территориясынан көптеп табылуы. Ендеше, парсылар болған жағдайда, сақтар өз билеушілерін сол жақта көмуі ақылға қонымды болар еді. Осыған қоса сақтар мен парсылардың арасындағы толассыз қақтығыстар тарихта белгілі.

Қорытындылай келе, Cақия деген атпен танымал патшалық – Skýthai немесе Skythikē деп бұрмаланып жазылған қыпшақтар мен қазақтардың ежелгі мемлекеті. Ол Европа мен Азияның басым бөлігін және Солтүстік Африканы алып жатқан. Өйткені, Геродот заманындағы сақтардың негізгі үш түрі де, яғни Tigraxauda: ұшқыр қалпақтылар (шошақ төбелі бөріктілер), Haumavarga: қауама (қымыз) ішетіндер және Paradraya (Apâ Sakâ): теңіз бен өзендердің айналасында жайғасқан қазақ елдері (савромат – мүйізді сары абыз, иссидон – үйсін-тама, ашкузай –иакіші-күзен, дай – адай, аримаспа – арғын-аспан т.б.). Оған қоса, әлемнің көп бөлігінде қазақтар әлі де өздерін қыпшақ, казак немесе сақа деп атайды. Демек, ЕвроАзия және Солтүстік Африка халықтары мен мемлекеттерінің, тілі мен мәдениетінің негізін қалауда қазақтың ру – тайпалары елеулі үлес қосқан.

Айтылғандарды ескере отырып, қазақ халқының қалыптасу тарихын үш жарым мың жылдан бес мың жылға дейінгі кезеңнен, тіпті одан да әріректен қарау керек деген пікірдемін.

Әділбек Ишанбекұлы

Бөлісу: