Жаңа бас бапкер Зайнутдиновты құрамаға алмай қойды

825
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек кеңейтілген тізімге кірген футболшылардың аты-жөндерін жариялады. Кеңейтілген тізімге барлығы 36 футболшы енген.

Тізімде «Уфада» ойнайтын Еркебұлан Сейдахмет және голландиялық «Хераклесте» нәтижелі ойнап жүрген Александр Меркель бар. Бірақ жақында ғана «Ростовқа» ауысқан Бақтиер Зайнутдиновқа тізімнен орын бұйырмапты.

Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов (екеуі де – «Қайрат»), Марсель Исламұлов («Қайсар»), Дмитро Непогодов («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Айбол Әбікен, Нұралы Әліп, Елдос Ахметов, Александр Соколенко, Ғафуржан Сүйімбаев (барлығы – «Қайрат»), Дәурен Мәжитов («Атырау»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»).

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Еркебұлан Тұңғышбаев, Ян Вороговский, Магомед Парагульгов, Бауыржан Исламхан (барлығы – «Қайрат»), Юрий Перцух, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Астана»), Максим Федин («Тобыл»), Александр Меркель («Хераклес», Голландия).

Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей), Сергей Хижниченко, Роман Муртазаев (екеуі де – «Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Акмаль Бахтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Еске салсақ, былтырғы маусымда «Астана» сапында өткізген Бақтиер Зайнутдинов маусым аралық үзілісте «Ростов» сапына ауысқан болатын. Қазірге дейін жаңа клубы сапында екі жолдастық кездесуге қатысып үлгерді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: