Джейкобс: Алдымен «Канелоны» жеңіп алайын, сосын Головкиннің есесін қайтарам

600
0
Бөлісу:

Орта салмақтағы IBF чемпионы Дэниэл Джейкобс 4 мамыр күні «Канелоны» жеңер болса, онда келесі кездесуінде қазақстандық Геннадий Головкинмен қайта кездесуге ниетті екенін жария етті.

РЕСМИ: САУЛЬ АЛЬВАРЕС ПЕН ДЖЕЙКОБС ЖҰДЫРЫҚТАСАТЫН БОЛДЫ

Боксшы 2017 жылдың наурыз айында Головкиннен ұпай санымен жеңілді. Бұл кездесу – Головкиннің мансабындағы толық 12 раундқа созылған алғашқы кездесу еді.

ГОЛОВКИН МЕН «КАНЕЛО» АРАСЫНДА БОЛАТЫН ҮШІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТІҢ УАҚЫТЫ МЕН ОРЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Бұл мен үшін тамаша сценарий. Мен бірінші кездесуде Головкиннен жеңілмегеніме сенімдімін. «Канелоны» жеңгеннен кейін Головкиннен реванш аламын» дейді ол.

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ЖАҢА ТЕЛЕСЕРІКТЕС ТАПТЫ

«Мен физикалық тұрғыдан мықтымын. Биікпін әрі мығыммын. Ол менен әлдеқайда кіші. Демек өзімнің бойымды, дистанциямды және ұзын қолымды еркін пайдалана аламын. Мен – оның карьерасындағы ең ірі боксшымын. Альварес талантты боксшы, бірақ ол менімен жұдырықтасарда көптеген маңызды факторларды ескеруі тиіс. Бокстың жұлдызына қарсы шығу расымен тамаша мүмкіндік. Егер мен оны жеңсем, онда орта салмақтың жұлдызына айналамын. Көрермендерді ғажайып жекпе-жек күтіп тұр» дейді ол Альвареспен болатын кездесуге қатысты.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: