Андре Уорд Жәнібекті жеңісімен құттықтады

436
0
Бөлісу:

Әйгілі америкалық кәсіпқой боксшы Андре Уорд бүгін бесінші кездесуде жеңіске жеткен қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлын құттықтады.

Жәнібек бүгін Фриско қаласындағы The Ford Center at The Star аренасында америкалық Стивен Мартинеспен кездесіп, айқын басымдықпен жеңген болатын. Сегіз раундқа жоспарланған кездесу бесінші раундта тәмам болды. Осылайша, қазақ боксшысы тұңғыш рет техникалық нокаутпен жеңді.

Андре Уордпен кездескен суретін Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Жылы жүздесу. Чемпионның құттықтауынан соң, естелік сурет» деп жазады боксшы.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: