«Қайрат» сапындағы ең нәтижелі ойыншы жаңа клуб тауып алды

512
0
Бөлісу:

Алматылық «Қайрат» сапында бірнеше сәтті маусым өткізіп, қазақстандық жанкүйерлердің ықыласына бөленген бразилиялық жартылай қорғаушы Исаэль Барбоза венгриялық «Ференцварош» клубына ауысты.

Исаэль жаңа клубына еркін агент ретінде барған. Әзірге келісімшарттың қай жылға дейін жасалғаны анықталмаған.

Футболшының жаңа клубы 18 турдан кейін Венгрия чемпионатында көш бастап келе жатыр. Команданы танымал украиналық маман Сергей Ребров жаттықтырады.

Исаэль «Қайрат» сапында 2014 жылдан бастап ойнады. Алматылық клуб қатарында жалпы саны барлық турнирлерде 174 матчқа қатысып, 41 гол соғып, 54 нәтижелі пас берген. «Қайратпен» бірге төрт мәрте ел чемпионатының күміс, бір мәрте қола медалін олжалап, ел кубогы мен Суперкубокты жеңіп алды.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: