Жәнібек Әлімханұлы таңертең жекпе-жекке шығады (видео)

553
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің бесінші жекпе-жегін таңертең америкалық Стивен Мартинеске қарсы өткізбек.

Кездесу Фрискодағы бокс кешінің аясында жоспарланған. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Ковалев пен колумбиялық Элейдер Альварес жұдырық түйістіреді.

Жәнібек бұған дейін төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жеткен болатын. Ал қарсыласы Стивен Мартинес кәсіпқой шаршы алаңда 25 жекпе-жекке шығып, 18 рет жеңіске жеткен. 4 рет жеңіліп, үш мәрте тең түскен.

Тікелей эфир Астана уақытымен 3 ақпан күні таңғы 07:30 шамасында басталады. Эфирді QazSport және Qazaqstan арналары көрсетпек. Бокс кеші қарсаңында боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Әлімханұлы 73,4 келі салмақ көрсетсе, қарсыласы Мартинес 72,7 келі болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

QAZAQ STYLE ?? #teamJANIBEK #QazaqStyle #AlvarezKovalev2 #klimasmanagement

Публикация от JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly)

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы әйгілі промоутер Боб Арум жетекшілік ететін Top Rank компаниясымен келісімшарт жасасқан.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: