Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

958
0
Бөлісу:

Серік Сәпиев Қазақстан Репсубликасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

Бұған дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы қызметіне ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

 

Серік Сәпиев 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «дене шынықтыру оқытушысы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша; 2014 жылы — Брунель университетін («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған; 2016 жылы Қазақ спорт және туризим академиясының педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Әр жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ЗТБ жаттықтырушы-оқытушысы, спорт жөніндегі директоры; «Astana Arlans» бас директоры қызметтерін атқарған.

2017 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Бокстан екі мәрте әлем чемпионы (2005, 2007), екі мәрте Азия чемпионы (2007, 2009), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2009). Азия ойындарының жеңімпазы (2010).

 «Айқын» ақпарат

Бөлісу: