Мемлекет жерді нарықтағы бағамен алады

664
0
Бөлісу:

Әділет министрлігі мемлекет қажеттілігі үшін алынатын (күре жол салу, метро, су арнасы, газ құбыры желісі және тағы басқа) жер телімдеріне нарықтағы баға төленетінін айтты.

Президент  биыл 21 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заңға сәйкес, мемлекеттің қажеттілігі үшін алынатын жер телімдері үшін оның негізгі қалыптасу құқығына қарамастан, нарықтағы құны төленбек. Бүгінде жер телімінің құны азаматтық-құқықтық келісімде немесе сот үкімімен қарастырылған кадастрлық құны бойынша анықталады. Нәтижесінде, бұл баға жер телімінің нарықтық бағасына сай келмейтін. Жаңа заңнамада жер телімі тәркіленген мүлік иесіне берілетін жер телімінің шығынына жергілікті әкімдіктер жауапты екені нақты айтылған. Осылайша, мемлекет қажеттілігі үшін алынып отырған жер теліміне қатысты жер иесінің лайықты баға алуына барынша жағдай жасалады. Жер кодексі мен «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға енгізілген толықтырулар мен  түзетулер халықтың мүддесін қорғайды.

«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*