Садриддин Ахмедов WBC чемпионы атанды

783
0
Бөлісу:

Садриддин Ахмедов WBC тұжырымдамасы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы атанды.

Бұл туралы Qazsport хабарлайды.

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов WBC тұжырымдамасы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы атанды.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз мексикалық боксшы Абрахам Хуаресті төртінші раундта нокаутқа жіберді.

Бұл кездесу Садриддиннің кәсіпқой бокс мансабындағы жетінші кездесуі болды және қазақстандық барлық жекпе-жегінде нокаутпен ұтқан.

Бөлісу:

Пікір жазу


*