Алманың отаны

1114
0
Бөлісу:

Алматыда «Нұр Отан» партиясы ақпараттық топ мүшелері «Насихат» бастауыш партия ұйымының ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Аталған жиын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы­ның орындалу барысымен танысу мақсатында өтті. 

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, Елбасының тарихи мақаласы бұдан бұрын жария­ланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегімен іштей сабақтасып жатыр. Шексіз кеңістік пен ұлттық тарихымыздың бай да, терең құпияларын байланыстыра отырып зерттелген ғылыми еңбек бірнеше маңызды тақы­рыптарға бөлінеді. Алайда осынау тарихи құндылықтары­мыз бен қазіргі күннің жетіс­тіктерін, өткен мен бүгіннің өзара тығыз байланыста өрби­тінін көп адам біле бермейді дейді олар.
– Елбасының мақаласын оқи отырып, еліміздің айрық­ша жауапты кезеңде өмір сүріп отырғанына тағы бір рет көз жеткіземіз. Біз төрткүл дүние­дегі көптеген халықтың өміріне ықпал еткен жауапты шешім­дер қабылдаған бабалардың ұрпағымыз. Жас мемлекетіміз­дің терең тарихын білу және оны қайта таразылауды әрбір азамат білгені артық болмайды, – дейді ақпараттық топ мүше­сі, «Алтын Орда» ЖШС дирек­торы Қайрат Есембаев.
Аудитория алдында баяндама жасаған ақпараттық топ мүше­сі, қалалық инфекциялық клини­калық аурухананың бас дәрігері Айгүл Әбдірахманова Ұлы даламыздың – алма мен қызғалдақтың отаны екенін мақтан тұтатынын айтты. Ол алманың шыққан жері Алматы деп, ағылшын ғалым­дары­ның ресми мәлімдегенін де атап өтті. Қазақстан тарихын бірнеше мың жылға тереңдете­тін аса құнды жәдігер «Алтын адам» жайлы тың тұжырымдар, бабаларымыздың өнердегі қолтаңбасы мақалада жаңа қырынан ашыла түседі. Елбасы көне тарих пен бүгінгі болмы­сы­мызды сабақтастыра оты­рып, туған еліміздің әлемдік өрке­ниет көшінде алға шығуы­на бағыт сілтейді.
– Бұл маңызды мақала ең алды­мен, тәуелсіз Қазақ­стан­ның жарқын болашағын ай­қын­дап берді. Меніңше, ендігі кезекте әрбір қазақ­стан­дық осы еңбекте айтылған тапсыр­маларды жүзеге асыруға қандай үлес қоса аламын деген сауал төңірегінде ойланып, нақты істерімен көпке үлгі болғаны дұрыс деп ойлаймын, – деді Айгүл Әбдірахманова.
Кездесу барысында мақалаға қатысты көптеген сұрақтар қойылып, әсіресе, жастар ақ­па­­раттық топ мүшелері тара­пы­нан тиянақты жауаптар ал­ды.

Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*