«Қазақфильм» «Қасым хан» фильміне кастинг жариялады

2314
0
Бөлісу:

«Қазақфильм» киностудиясы «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалға кастинг жариялады. Аталған кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді.

Көпсериалы киножоба қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы баяндайды.
Жобаның көркемдік жетекшісі – «Жаужүрек Ертұрғыл» сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай.
Кастингке 3 пен 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар қатыса алады. Айта кетейік, кастинг талаптарына сай ер азаматтардың бойы 180 см. кем болмауы тиіс және қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек. Ал әйелдер бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулері шарт. Татуажы бар қыз-келіншектер қабылданбайды.


Жұмыстар Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясында 25 қаңтардан басталады.
Сондай-ақ, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштасына өз фотосуреттеріңізді де жіберсеңіздер болады. Басыт талаптар: фото жақыннан, бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз түсірілу керек. Фотоның өңделмегені абзал, сондай-ақ тұла бойы көрінетін бір сурет, және өзі туралы қысқаша ақпаратты жіберу қажет.
Фильм туралы басқа да жаңалықтармен инстаграмдағы ресми парақша @kasymkhanfilm арқылы танысуға болады.

А.Ахметқазы

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз