Зеренді ауданы әкімі пара алды деген күдікпен құрықталды (видео)

1052
0
Бөлісу:

Ақмола облысы, Зеренді ауданының әкімі пара алды деген күдікпен құрықталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова брифингте баяндады.

Ақмола облыстық Ұлттық бюро департаменті Зеренді ауданының әкімі мен оның орынбасарын сотқа дейінгі тергеуге алды.

– Әкім ауылшаруашылығына арналған жерді жалға алу уақытын созу мақсатында ЖШС директорынан 3 миллион теңге көлемінде орынбасары арқылы пара алды деген күдікпен ұсталды, – деді Ж.Бастарова.

Бөлісу:

Пікір жазу


*