«7-20-25»: Баспанасы бар азаматтар бағдарламаға қатыса ма?

825
0
Бөлісу:

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баспанасы бар азаматтардың «7-20-25» бағдармасына қатысатыны туралы айтты.

«Бастапқы жарнаны азайту үшін қызметкерлердің жекелеген санаттарына қолдау көрсетілуде. Жеңілдік берілген ипотека бойынша бастапқы жарнаны субсидиялау тетігі енгізілді. Ол  әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттарын  беру арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген өңірлер тұрғын үй сертификаттарын беруге кірісіп кетті. Мысалы, Астана әкімдігі 1 миллион теңгеге бастапқы жарнаны субсидиялау үшін  мұғалімдерге, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне 100 сертификат берді», – деді Ұлттық банк төрағасы. Осы ретте ол тұрғын үй сертификаттарын беру нақты сипатта болуға тиістігін және бағдарлама басында ғана болуы мүмкін екендігін де айтты. «Бағдарламаға қатысу талаптарының бірі – меншік құқығында баспананың болмауы. Сонымен қатар азаматтардың меншікті баспанасы болып, қосымша баспана талап етілетін көптеген жағдай да бар. Бұл тұрғын үй талаптарын жақсартатын көпбалалы отбасылар, балаларына баспана сатып алатын ата-аналар, басқа географиялық өңірге көшетін азаматтар болуы мүмкін. Халықтың қажеттілігін назарға  ала отырып, Ұлттық банк Үкіметке бағдарламаға меншік құқығында баспанасы бар азаматтарға қатысу құқығын беру мүмкіндігін зерделеуді ұсынады», –  деді Данияр Ақышев.

«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*