АСХАНАДАҒЫ АЗЫҚ САПАСЫ ҚАНДАЙ?

552
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты кеңсесінде өткен мектеп асханасына тиісті бақылау жүргізу жөніндегі Республикалық сараптау тобының алғашқы отырысы өтті. Отырыста  мектеп асханалары мен шағын және орта бизнестің мүддесін  қорғауды қамтамасыз ету жөнінде  мәселе көтерді.

«Нұр Отан» партиясы мектеп асханаларына тиісті бақылау жасау үшін «Мектеп асханалары» жо­басын жүргізді. Асханаға қа­тыс­­ты тағам сапасы, жалға алу­шы, ата-аналар комитеті және тағы басқаларына жіті зерт­теу жасады. Бұған әлеуметтік желі­дегі ата-аналардың асхана­да­ғы тамақ сапасының нашар­лы­ғы туралы шағымы себеп болды.
Партия өткен жылы арнайы жобаға бастамашы болды. Жоба төңірегінде жан-жақты бақылау жүрді. Содан кейін ғана жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Соны­мен, 2018 жылдың аяғында тек­серіс нәтижелері белгілі болды. Нұротандықтар мектеп асха­наларында балалар жеуге тыйым салынған өнімдер (шұ­жық, гамбургер, жасанды қос­­палары бар тағамдар т.б) саты­ла­ты­ны анықтады. Жаңа жылдан бастап партия жобасы ресми түрде қабылданды. Жобаға Парламент депутаттары, «Нұр Отан» партиясы облыстық фи­лиал­­дарының өкілдері, бұқ­ара­лық ақпарат құралдары қолдау білдірді. ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін елдегі ведомствоаралық сарап­шы­лар тобы мектеп асха­на­лары­на мониторинг жасауға кірісіп кетті.
«Нұр Отан» партиясы Респуб­ли­калық сараптау орталығы жоба төңірегіндегі сауалдарға, бастама жұмысына баға беру үшін жина­лыс өткізді. Партияның қадаға­лау­шы хатшысы Илья Теренчен­ко жүргізген отырыста қа­ты­су­­шылар мектептегі тамақ­тану­дырудың жаңа тәсілдері, мектеп асханаларын қадағалау мониторингі, асханаларда бейне­бақылау орнату және азық-түлік туралы, сондай-ақ мамандан­ды­рыл­ған нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнін­дегі ойымен бөлісті.
Отырыс барысында партия хат­шысы ведомствоаралық сарап­­тамалық топтың мектеп асханаларына зертеу жүргізу жұмысын қадағалау қызметімен шатастырмау керек екенін айтты.
– Кейбір БАҚ өкілдері мек­теп асханалары мен олардың ие­ле­­рін тек­сергеніміз жайлы жаз­­д­ы. Бұл – қате түсінік. Біз тек­­серіс жүр­гіз­бейміз, бақыла­май­­мыз. Тиіс­ті жаза қолдану тура­лы ұсы­ныс тастаймыз. Кей­бір жағ­дай­ларда ұсыныс­тар­ды уәкілетті ор­ган­­дарға жібереміз. Алайда биз­­­неске ара­ла­суға құқы­ғы­мыз жоқ. «Нұр Отан» партия­сы­ның ба­сым­дықтарының бірі – қазақ­стан­­дық кәсіпкер­лер­ді, соның ішін­де мектеп асхана­сын­­да­ғы тамақ­тану жүйесімен айналы­са­тын­­дары қолдау», – деді Илья Терен­ченко.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*