Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері таныстырылды

706
0
Бөлісу:

Қазақстан футбол федерациясы чехиялық маман Михал Белекті жаңа бас бапкер ретінде ресми түрде таныстырды.

Белектің бапкерлік штабына словакиялық маман Михал Хипп және Талғат Байсуфинов кірген. Ал қақпашылар бапкері ретінде Николай Родионов тағайындалыпты.

Белек 2009-2013 жылдары Чехия құрамасын баптап, 2012 жылы Еуропа чемпионатында ширек финалға дейін жеткізген. Сондай-ақ ол әр жылдары костарикалық «Картахинес», словакиялық «Ружомберок», грузиялық «Динамо» командаларын баптады.

Еске салсақ, 17 қаңтар күні Станимир Стойлов ұлттық құрамадағы бас бапкерлік қызметінен кеткен болатын. ҚФФ мәліметінше, бұл қадамға болгариялық маман мүдделі болған.

Михал Белек 1965 жылы 13 сәуірде өмірге келген. Футболда жартылай қорғаушы позициясында ойнаған. Чехословакия және Чехия құрамаларының намысын қорғаған.

– «Астананың» Қазақстандағы мықты клуб екенін және еурокубокта тұрақты ойнайтынын білемін. Бір жыл бұрын «Славия» сіздердің клубтан жеңіліп қалды. Әзірге ойыншыларды жете танымаймын. Бірақ штаб маған видео ролик арқылы бәрін таныстырады, – деді Белек.

Белек Еуро-2020 іріктеу ойындары аясында Қазақстан құрамасын баптайды. Біздің топта Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамалары бар.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*