Головкиннің жан досы Сергей Ковалев түрмеге жабылуы мүмкін

1164
0
Бөлісу:

Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалев АҚШ-та әйел адамға шабуыл жасады деп айыпталуда. Бұл туралы TMZ Sports хабарлады.

Оқиға 2018 жылы 9 маусымда Биг-Бэр қаласында болған. Дерек көзінің мәліметі бойынша, Ковалев бейтаныс әйелге думанды кештердің бірінде қырындаған. Әйел оған қарсылық білдіргеннен кейін боксшы мен досы оның ізінен қалмай, үйіне дейін еріп барған. Сол уақытта шабуыл болған.

Әйелдің сөзінше, Ковалевтің соққысынан кейін ол ауыр жарақат алған: мұрыны сынып, миы шайқалып, мойынына зардап келген.

Ал полиция Ковалевті бірден іздеп тауып, тұтқынға алған. Оған күш қолданып шабуыл жасады деген айып тағылыпты. Егер қылмысы дәлелденсе онда төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал сот алдына келген Сергей өз кінәсін мойындамаған.

Әйелге шабуыл жасағаннан кейін Сергей шаршы алаңға шығып, колумбиялық Элейдер Альварестен жеңілген. Олардың қарымта кездесуі 2 ақпанға жоспарланған.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*