Геннадий Головкин ұлды болды

1501
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің шаңырағында сәби дүниеге келді. Боксшының келіншегі Алина өмірге ұл бала алып келген.

Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы да жария етіп, атап өткен. «Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлының өмірге келуімен құттықтайды! Геннадийге және оның отбасына мықты денсаулық, отбасы бақытын тілейміз!» делінген хабарламада.

Головкин мен Алинаның бұған дейін ұлы мен қызы болған. Вадим есімді ұлдары 2009 жылы өмірге келсе, 2017 жылы қызды болған. Боксшының ұлы Лос-Анджелесте хоккеймен кәсіби түрде айналысады. Боксшының өзі де бұл спорттың ерекше жанкүйері.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*