Алматының Наурызбай ауданында тікұшақ апатқа ұшырады

911
0
Бөлісу:

Алматыдағы Наурызбай ауданында орналасқан Алатау шипажайының аумағына тікұшақ құлады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасай отырып Тенгриньюс порталы хабарлады.

Оқиға сағат 16:05 кеткенде болды. Тікұшақ салонында бір адам болған. Ол жедел жәрдем каретасында қайтыс болды.

«Еврокоптер-130» маркалы тікұшақ «Sky Service» әуекомпаниясына тиесілі. Тікұшақ Боралдай – Үлкен Алматы көлі бағытымен бара жатқан.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*