Стоилов Ұлттық құрамадан кетті

844
0
Бөлісу:

Қазақстан футбол федерациясының Фейсбуктегі ресми парақшасында Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзгені туралы ақпарат тарады.

Болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызында басқарған еді. Оның жетекшілігімен біздің құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар Лигасына қатысты. Сонымен қатар, жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты.

Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стоилов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*