Сапарбаев қытайларды жұмысқа алуға тыйым салады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «СНПС Ақтөбе көлік компаниясы» басшының есебін тыңдады. Әкім компанияның қытайлық директорына қатаң талап қойды.
«Жұмысшылардың саны қысқармау керек. Керісінше, көбейтуді қараңыздар. Соның ішінде қытайларды жұмысқа алуды тоқтату керек. Бұл жерде бір нәрсе бар. Егер бізде жоқ мамандықтар болатын болса ғана қарауға болады. Ал ІІІ, IV категориялы қытай жұмысшылары керек емес. Оған тыйым салынады», – деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімі Ақтөбедегі алпауыт компаниялардың қытайлық басшыларға жалақы мәселесін айтып, өңірдің әлеуметтік саланы қолдауды талап етті. «Жағдай өткен 2018 жылдан төмен болмау керек. Ең негізгісі еңбек шарты орындалуы тиіс. Жұмысшылардың жалақысын көтеру – Елбасының көтеріп отырған саясаты. Ең төменгі жалақы көлемін 10 пайызға арттыру керек. Осы компанияның басшысы Хуан Юншын мырзаға айтарым, біріншіден, көрсеткіш төмендемеу керек. Жалақы, жәрдемақы, сыйақы, жетім балалар мен нашар тұратын отбасыларға көмек болу керек. Ол үшін экономикалық көрсеткіш ілгерілеу керек. Біріншіден, «СНПС Ақтөбе мұнай-газ» компаниясынан бастап, барлығы осыған жұмыс істеуі тиіс. Ақтөбедегі, басқа өңірлердегі мемлекеттік тапсырыстарға қатысып, жұмыс алып, ақша табу жолдарын қараңыздар», – деді Бердібек Сапарбаев.
«Айқын» ақпарат
Дұрыс осылай ел баскаратын азаматтар талапты қатаң койса. Биз де ел болып көп болып соның орындалуына ат салысуымыз кнрек
Өте дұрыс талап қойған əкім мырза. Осылай сыртан келген шет елдіктердің шаш бауын көтермей, өз қазағымыздың жалақысы көтерілсе халықтың да біршама жағдайы жақсарып қалар.
Дурыс, талапорынды.
Өте дұрыс , өз қазағымыз тұрғанда қытайларды неге жұмысқа алады,бұл жерде бір шикілік бар, сақ болу керек, ☝️
Айтуы орынды, айтқанын кім қадағалайды?
Атаңызға раxмет, осындай ұрпақ тәрбиелегеніне! Қос қолдап қолдайық ағайын!!!!
Әрбір басшы осылай талап қоя білсе ғой! Жалпы осындай талаптарды заң жүзінде бекіту керек! Тіпті біршама қатайтуға да болады! Бердібек ағамыз осындай жақсы бастамаларды жиі бастап жүр. тек, іліп алып ары қарай жалғастырушылар легі көрінбейді – осы өкінішті
Сөзбен емес заң жүзінде тыйым салса біз де жұмыска орналасып қалар едік. Нелегал мигранттарды кіргізіп жүрген басшылардға қалық жаұы деп қараса керемет болар еді.
10пайыз аз. 100пайызға котерсин
Әкім мырзаның талабы өте дұрыс, басқа шенеуніктерде осылай жасау керек. Бізде жұмыс жасап жатқан шетелдіктер өте көп.
Коз бояушылык. Популизм. Кытаилык басымен ия деп шаикаиды бирак озиникин жасаиды.
Ай қайдам, бос сөз болып қаладыда қысқару тоқтамайды. Барлық салада қысқару жүріп жатыр жалғыс қытай кампанияларында емес.
Алла жар болсын Бердібек аға!Барлық әкімдер осы істі қолдаса нұр үстіне нұр болар еді
Я, бҰНДАЙ ТАЛАПТАРДЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЕЛДЕН КЕЛГЕН КІРМЕЛЕРДІҢ БАРЫНА ТАЛАП ҚОЮУ КЕРЕК, ӨЙТПЕСЕ ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАДІРІН КЕТІРІП БОЛДЫ, РАХМЕТ БЕРДІБЕК МЫРЗАҒА, ҚАЙТА ЖЕРГІЛІКТІ ҚАЗАХСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЕҢБЕК АҚЫСЫ БАСҚАЛАРДАН ЖОҒАРЫ БОЛСА, ӘТТЕҢ,, .МЕМІЛЕКЕТ БАСҚАРУҒА ЛАЙЫҚ АЗАМАТСЫЗ!
Алла разы болсын сізге Бердібек Мәшпекұлы! Кезінде ШҚО облысында әкім болып тұрғаныңызда, өмірі облыс әкімі келмейтін ауылдарда 1 емес 2 емес, 3,4 рет келіп жағдайды көріп, нұсқаулар бергеніңіз әлі күнге дейін ел аузында. Сол нысандар қазірге дейін жұмыс жасап жатыр. Мына талабыңыз өте орынды.
Жарайсыз аға. Батыра сөйлеп, қатаң талаптар қойғаныңыз халық үшін қызмет етіп жүргеніңіздің белгісі екенін көрсеттіңіз
Қайран қазағым ай, компанияның директоры қытай деп отырған жоқ па? Бердібек ағамыз қанша қатал талап етсе де, ол кісіден жоғарырақ отырған көкелеріміз добро беріп отырған жоқ па? Өткенде оқығанмын осындай әртүрлі компаниялардың басым көпшілігін қытайлар басқарып отыр екен деп.Енді не айтасыздар? Бердібек ағамыз бір өзі шырылдағаннан не шығады дейсіздер, амалын тауып, тек өздерінен алады жұмысшыларды, ал біздің қазекең тағы нансыз қалады өз төрінде отыоып. Өкінішті.
Нағыз патша болатын адам екен ендығы пыриздентымыз осы кысы блсекен