Билер кеңесі тиімді ме?

765
0
Бөлісу:

Жоғарғы соттың мәлімдеуінше, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының билер кеңесіне жасаған талдауы тәжірибенің нәтижелі екенін көрсеткен. Қайрат, Құлыкөл ауылдық округтеріндегі Уәлиханов ауданының Билер кеңесі жұмыс жүргізген.

Билер кеңесінің мүшелері өзінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, тараптарды татуластыру жолымен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жанжалдарды, отбасындағы дауларды шешуге де көмектеседі. Даулардың түпкілікті шешілуі, жанжалдасқан тараптардың бір-біріне деген жақтырмау, жанжалдан кейін көңілде қалатын ұнамсыз кірбің, ұнаптау сияқты теріс көзқарастардың қалмауы билер кеңесі жұмысының бірегейлігін айқындайды. Оның үстіне бұл даулар сотқа дейін шешіледі.

Осылайша, Билер кеңесінің отырысында ерлі-зайыптылардың арасында болған жанжалдың бірінде некенің бұзылуына түрткі болған себеп анықталды.  Бұл – жұбайының алкогольдік ішімдікті шамадан тыс пайдалануы болған екен. Кеңестің мүшелері ер-азаматқа ақылын айтып, оны әйелімен татуластырып, отбасын сақтап қалды.

Сонымен қатар Билер кеңесінің арқасында көршілес екі ауылдың өкілдері арасында болған жанжал тоқтады.  Билер кеңесі мүшелерінің даналығы мен мол өмірлік тәжірибесі ауыл тұрғындарының арасында өршіп тұрған  даудағы шиеленісті тоқтатып, соңында дауласушы екі тарап бір-бірінен кешірім сұрады.

Аудан басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және медиаторлар Билер кеңесінің халық арасында тәрбие және қылмыстың алдын алуға қосып жатқан үлесін ерекше дейді. Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облыстық соты Уәлиханов ауданы Билер кеңесінің тәжірибесін кеңінен насихаттау қолға алынады.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*