Балғындарға бақыт тіледі

807
0
Бөлісу:

Ақтауда «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» жаңажылдық Президенттік шыршасы өтті.

Кешке өңірдің барлық ауданынан 250 бала келді. Олардың арасында облыс­тық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері, көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы балалар бар.
Шараға «Нұр Отан» партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалының өкілдері де атсалысты. Балалардың асыға күтетін ең ғажайып мерекесі – Жаңа жыл шыр­ша­сына келген балғындар Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құт­тықтауын монитор арқылы тамашалады.
Кештің басты кішкентай кейіпкер­лері – ертегі мен жануарлар әлемінің кей­піндегі костюмдерін киген балғын­дарды облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының тө­рағасы Ералы Тоғжанов арнайы құт­тықтады.
– Балғындар, сендерге бақытты, бейбіт балалық шақ тілеймін. Сендер – еліміздің болашағысыңдар. Біз сендерге үлкен үміт артамыз, – деген ақжарма ті­легін жеткізді өңір басшысы.
Әр балаға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Пре­зиденттің балалық шағы туралы «Назарбаев­тай болғым келеді» кітабы, қысқы киім-кешек, тәтті сыйлықтар, телефондар сыйға тартылды. Сонымен қатар жаңажылдық кеште балғындарға арнап мерекелік дастарқан жайылды.
Мерекелік шарада Аяз ата мен Ақ­шақар балалардың өнерін тамашалады. Жүзі бал-бұл жанған бүлдіршіндерге тәт­тілер мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу:

Пікір жазу


*