Жеңіс Қасымбек жаңа министрлікті басқарады

910
0
Бөлісу:

Президент Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды.

1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу ауданында туған.

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының сәулеттік орта дизайны факультетін (1997) мамандығы бойынша, Еуразия университетінің мемлокін тік және муниципалдық басқару ісі факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

1997 жылы – «Темірбанктің» бас қаржыгері.

1998 жылы – Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде темір жол көлігі және порттар бөлімінің бастығы.

1999 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін – Көлік және коммуникация министрлігінің Үйлестіру департаментінде көлік саясаты бөлімінің бастығы.

1999 жылдың желтоқсанынан – Көлік және коммуникация министрлігінде Көліктегі тарифтік саясат басқармасының бастығы.

2000 жылдың сәуірінен мамырына дейін – Көлік және коммуникация министрлігінде Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары.

2000 жылдың мамырынан қазанына дейін – Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының 2000 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін –Көлік Государственные органы управления Мемлекеттік басқару органдары және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті директорының міндетін атқарушы 2000 жылдың желтоқсанынан – Көлік және коммуникация министрлігінде Су көлігі департаментінің директоры.

2004 жылы  –  Ақтау халықаралық теңіз сауда портының директоры.

2005 жылы – Көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылы – Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдармен марапатталған.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*