Головкин мен «Канело» арасында болатын үшінші жекпе-жектің уақыты мен орыны анықталды

3486
2
Бөлісу:

Орта салмақта WBC, WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы және екінші орта салмақтағы WBA (Regular) тұжырымы белдігінің иегері мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (51-1-2, 35 КО) 2019 жылы өткізетін екінші кездесуінің уақыты белгілі болды.

Бұған дейін хабарланғандай промоутері «Канелоның» жекпе-жегі үшін 4 мамырды таңдап та қойған. Ол күнгі кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді екен.

ESPN мәліметі бойынша, Альварестің келесі жылдағы жекпе-жегі 14 қыркүйек күні Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтпек. Ал осы күні «Канело» мен қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасында жекпе-жек өту мүмкіндігі жайлы ақпарат тарауда. Бұл туралы Альварестің өзі айтқан.

Еске салсақ, Альварес биылғы жылдағы соңғы кездесуін 15 желтоқсан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізіп, британиялық Рокки Филдингті айқын басымдықпен жеңген болатын. Сөйтіп, одан WBA чемпионы белдігін тартып алды.

Альварес осыған дейін өзінің соңғы екі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізген болатын. 2017 жылдың қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, одан кейін биыл болған жекпе-жек ұпай басымдығымен Альварестің пайдасына шешілді. Енді екі боксшы да үшінші жекпе-жекке дайын екендіктерін жиі айтып жүр.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Айтай Бахадыр 9 Қаңтар, 2019 at 22:00 Жауап

    Генаға Мехикоға барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бейтарап қалада өткізу керек және 14 қыркүйек күні емес. Бұл күн Мексиканың Тәуелсіздік күні. Генаны айқын жеңу үшін олар бар күштерін салады.

Пікір жазу


*