Илья Ильин Катарда өтетін турнирге қатысатын болды

1018
0
Бөлісу:

Катар астанасы Дохада желтоқсан айының 19-ы мен 23-і аралығында Олимпиада ойындары алдындағы лицензия беретін турнир саналатын Халықаралық Катар кубогы басталады. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы тоғыз спортшысын алып бармақ.

Ұлттық құрама бекіткен спортшылар тізімі мынадай:

Арли Чонтей (61 келіге дейін)

Инорь Сон (61)

Фархад Харки (67)

Нижат Рахимов (73)

Айдар Қазов (81)

Рүстем Сыбай (96)

Илья Ильин (109)

Карина Горичева (64)

Раушан Мешітханова (87)

«Бұл біз үшін маңызды турнир. Бұл додаға қатысу арқылы рейтингке әсер ететін ұпай жинап, спортшылардың мүмкіндігін тағы бір байқап аламыз. Әлем чемпионатынан кейін өте қысқа уақыт аралығында өтетініне қарамастан жақсы нәтиже көрсетеміз деп үміттенемін» дейді құраманың бас бапкері Юрий Мельников.

Илья Ильин бұған дейін әлем чемпионатына қатысатын болып, алайда санаулы күн қалғанда жарыс жолына шықпай қалған еді. Спортшының айтуынша, оның омыртқасынан кінәрәт табылып, дәрігерлердің көмегін қабылдауы қажет етілген.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*