Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысты

1540
12
Бөлісу:

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Ғалымбек Кенжебаев бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде мәлімдеді.

Бұған дейін бас бапкерлік қызметті Мырзағали Айтжанов 2009 жылдан бері қарай атқарып келген болатын. Оның басшылығымен командадан екі олимпиада чемпионы шығып, әлем чемпионаттарында бес алтын медаль жеңіп алды.

«Қазақстан бокс федерациясы боксшыларды дайындау мен спортты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін ұзақ жылдық еңбегін сарп еткен Мырзағали Айтжановқа алғыс айтады» делінген федерацияның ресми хабарламасында.

– Боксшыларды ірі халықаралық жарыстарға дайындауда методикалық өзгерістер қажет. Біз бұл шешімді табан астында қабылдаған жоқпыз. Ғалымбек Кенжебаев осы күнге дейін жастар құрамасының бас бапкері болғанын жақсы білесіздер. Оның жетекшілігінде ұлттық құрама мүшелері  жасөспірімдер арасындағы соңғы екі Олимпиада ойындарының екеуінде де алтын алды. Азия чемпионаттарында 5 мәрте жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді. Сондай-ақ 2014 жылғы Әлем біріншілігінде үздік команда атанды. 1998 – 2005 жылдар аралығында Геннадий Головкиннің жеке жаттықтырушысы болған. Бапкерлік еңбек өтілі 35 жыл. Сол себепті де біз тізгінді Ғалымбекке сеніп тапсырып отырмыз, – дейді ҚБФ бапкерлермен жұмыс жөніндегі вице-президенті Юрий Цхай.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

12 пікір жазылған

  1. Айдар 17 Желтоқсан, 2018 at 21:16 Жауап

    Қаншама дарында жас спортшылар бар елімізде. Барлығының мүмкіндіктері көп. Жеңістерге қол жеткізе алады.

  2. Абылай 17 Желтоқсан, 2018 at 21:18 Жауап

    сколько же молодых спортсменов доказали, что они достойны быть чемпионами. Сколько еще будут таких!

  3. Даурен 17 Желтоқсан, 2018 at 21:19 Жауап

    Вполне квалифицированный, опытный тренер. Я думаю молодежи нужно дать направения, наставления.

  4. Әлібек 17 Желтоқсан, 2018 at 21:20 Жауап

    Бокс – это один из самых развитых видов спорта в Казахсатне. Думаю этот темп будет сохраняться

  5. Берик 25 Желтоқсан, 2018 at 22:35 Жауап

    Мырзагали Айтжановтын енбеги орасан. Сондыктан Жастар курамына бас бапкерликке тагайындаса нур устине нур болар еди

Пікір жазу


*