КТА. «Сағыз» қарсыластарын шайнап тастады

2832
12
Бөлісу:

Астанада басты әзіл сайысы «Көңілді тапқырлар алаңы» жобасының ақтық кезеңі өтті. Қорытындылаушы жарыста КТА жастар командасының 5 құрамасы сынға түсті –  «Тек қана қыздар» (Алматы) , «Жерұйық» (Атырау), «Арман қала» (Жетісай), «Сағыз» (Атырау облысы) және «Қармақшы» (Қызылорда облысы).

КТА финалын тамашалау үшін елордамыздың үлкен залдарының бірі – «Барыс арена» мұз айдыны сарайына 9000 көрермен жиналды. Жарысқа қатысушылар үш байқауда шеберлік байқасты – сәлемдесу, СТЭМ және бір ән байқауы.

КТА ойынының бас жүлдесін – Кубок пен бір жарым миллион теңгені Атырау облысының «Сағыз» командасы олжалады. Сонымен қатар, команда капитаны Ернар Сакупов биылғы маусымның үздік ойыншысы атанды. Атыраулық «Жерұйық» командасы екінші орынға табан тіресе, «Тек қана қыздар» (Алматы) командасы үздік үштікті тұйықтады.

Ақтық жарыстың әділ қазылар алқасының мүшелері ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, «Музарт» тобының солисті Кенжебек Жанәбілов, Олимпиада чемпионы, танымал қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов және ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сайлау Камиев әзілкештерге лайықты бағаларын берді. Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов қазылар алқасына төрағалық етті.

– Үздік әзілкеш команданы анықтау үшін жыл бойы іріктеу жүргіздік. Қаңтар айында, жаңа маусымды енді ғана бастаған кезде барша Қазақстаннан КТА-ға қатысуға 54 команда өтінім берген болатын. Финалға оның бесеуі ғана өтті. Әр кезеңде жеңімпаздарды анықтау қиын болды, дегенмен, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар суырылып шықты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келер жылды Жастар жылы деп жариялады. Ал КТА болса, қазақстандық жастарға өз талантын баршаға паш етуге мүмкінік беретін бірден бір алаң, – деп атап өтті Болат Мажағұлов.

Бес сағатқа созылған жарыс көрермендерді еш жалықтырған емес. Себебі КТА-ның өткен маусымдарының жеңімпаздары «Арал-Ас» және «Назар Аудар» командалары әзіл-сықақ кешін одан сайын қызықтыра түсті. Қазақстандық КТА-ның теңдессіз жүргізушісі, еліміздің танымал әзілкеші Тұрсынбек Қабатов та қонақтарды күлдіріп, көңілдерін көтерді.

«Көңілді тапқырлар алаңы» – бұл қазақстандық ойын-сауық думанының жаңа форматы, өмірден алынған әзіл. Аталмыш жоба үш жылдан бері Астана әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Жаңа, төртінші маусым келер жылдың қаңтар айында КТА командаларының фестивалінен бастау алады. КТА-ның өңірлік лигаларының жеңімпаздары автоматты түрде маусымға қатысуға жолдама алады, басқа ұжымдар байқаудың ұйымдастыру комитетіне өтінім бере алады.

Бөлісу:

12 пікір жазылған

  1. Тимур 10 Желтоқсан, 2018 at 17:00 Жауап

    Жайдарман является самым популярным молодежным движением в нашей стране, столько последователей.

  2. Мурат 10 Желтоқсан, 2018 at 17:00 Жауап

    Жайдарман это большая школа жизни для квнщиков. Это рождение новых талантов, таких как актеры, артисты, певцы.

  3. Абылай 10 Желтоқсан, 2018 at 17:01 Жауап

    Стольких людей жайдарман воспитал. Это игра которая проходит во всех районах наше страны. Вот это охват реальный

  4. Даурен 10 Желтоқсан, 2018 at 17:02 Жауап

    Столько молодых ребят охватывает КТА. Это большая возможность показать себя как веселого и находчивого

  5. Әлібек 10 Желтоқсан, 2018 at 17:03 Жауап

    Всей молодежи нравится посмотреть квн, посмеяться. Это площадка со свободной атмосферой, и отличным времяпровождением

  6. Самат 10 Желтоқсан, 2018 at 17:04 Жауап

    Жайдарманды әр ауылдың жасы біледі. Естімеген адам жоқ шығар. Кәзіргі уақытта ойындардың сапалары өте мықты.

  7. Малик 10 Желтоқсан, 2018 at 17:05 Жауап

    Қаншама мықты жастар осы жайдарманның айналасында жүр. Алдағы уақытта күлкі театрының ашуға толық мүмкіндіктері бар.

  8. Сакен 10 Желтоқсан, 2018 at 17:06 Жауап

    Аудан көлеміндеде жайдарман ойындары болатыны қуантады. Жарайсыздар көңілді және тапқырлар жастар.

  9. Ғанибет 11 Желтоқсан, 2018 at 16:08 Жауап

    Мен шынымен тістеп, шайнап тастады ма деп ойлап едім…
    Меніңше, «шайнап тастады» тырнақшаға алынуы керек.

  10. Айнур 24 Желтоқсан, 2018 at 17:01 Жауап

    Квн басты талап – көрермендіре күлдіре отырып, ойландыру. Бос күлкіге уақыт жоқ қазір. Адамның санасына күлдіре отырып, күллі проблемадан шығу жолын ұсыну қажет.

Пікір жазу


*