Мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды.
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:
1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;
3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;
4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін.
- Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Расыменде лайықты тұлғалар барлығыда. Еліміздің мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосып жүрген азаматтар.
Жастарымыздың тәрбиесіне үлкен үлес деп есепетймін осы аға-апаларымыздың еңбектерін.
Керемет. Біздің Аққұштап Бақтыгереева мемлекеттік сыйлыққа лайық болғаны қуантады. Әрине мықты ақын апамызғой.
Анаға апарар жол киносы мықты әсер қалдырды өзіме. Қаншама қиындыққан өтті басты кейіпкер. Мықты жас талант актерлер.
Өз туындыларымен, еңбектерімен жастарды тәрбиелеп жүрген ел азаматтары. Бір қуанып қалдым өзім.
Да действительно достойные люди, которые уже давно доказали, что заслужили все награды мира. Главное признание народа.
Думаю эти люди своими трудами дают большое знание как нашей молодежи, так и всем людям.
Деятели в сфере искусства и культуры я бы сказал. Создатели кино, писатели, поэты и т.д.
Каждый из них в своей сфере имеет значительный вес. Я думаю наша молодежь и равняется на таких людей
Государственная премия для этих людей я думаю не предел. Столько трудов было сделано, их имена народ давно уже признал