БОЛАШАҚТЫҢ АЙҚЫН БАҒДАРЫ

458
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Бұл осыдан бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы деп білемін. Себебі, аталған маңызды құжатта да халқымыздың рухани қазынасы, жетістіктері мен болашаққа бағдар болар құнды дүниелер жазылған.

Елбасы мақаласында ел тарихының қалыптасуындағы екі басым бағытты атап өтті. Тарихи сананы жаңғырту бағытындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» бөлімінде: «Өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемле­кет­тері­нің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.Сондай-ақ біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерт­кіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энцик­ло­педиялық саябағын ашуымыз керек» делінген. Осы орайда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де қазақ халқының ұлы тұлғалары мен олардың туындыларын насихат­тай­тын «Қазақ әндері» және «Жүз күйдің тарихы» жобалары жүзеге асырылуда. Осы жобалардың аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдері қазақ әндері мен күйлерінің тарихына үңіліп, өскелең ұрпақтың арасында дәріптейді. Бұл өз кезегінде нақты септігін тигізіп келеді.
Қазіргі қазақ ұрпағы осы тарихи деректер мен шындықтарды жақсы білуі тиіс. Біліп қана қоймай, оның әр сүйем жерін қастерлеуі, бағалауы, асқақтатуы керек. Біз еліміздің өркен жайып, әлем көшіне ұдайы ілесіп жүре беруі жолында қалтқысыз қызмет етуіміз қажет. Оқушылармен тікелей жұмыс істей отыра, біз ұстаздар қауымы өз кезегімізде ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ қалыптастыру жолында аянып қалмаймыз. Бұл ретте біздің басты бағдарымыз Елбасының құнды рухани маңызды құжаттары болып қала бермек.

Қадиша САҒЫНДЫҚОВА,
Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, «Зияткер» БПҰ мүшесі

Бөлісу:

Пікір жазу


*