Жемқорлықты жою – міндет

611
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Арыңды таза ұста» байқауы қорытындыланды. Байқаудың мақсаты – білім беру, мәдениет, құқық қорғау, денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықты жоюға ықпал ету. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік роликтер топтамасын комиссия мүшелері жеке-жеке қарап шығып, талқылады.

Байқауда жалпы 21 бейнежазба көрсе­тілді. Оның ішінде басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау сала­сын­дағы жемқорлықтың зардабы туралы түсі­ріл­ген. Әсіресе, дипломды сатып алу, пара бе­ріп жұмысқа орналасу, өрт қауіпсіздігі та­лап­тарына сай келмейтін мекеме бас­шы­ларының қадағалаушы органдарға пара беру деректері бейнеленген.
«Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Те­рен­ченко жиынға қатысушыларға жем­қор­лықтың алдын алу шарасын күшейтуге қоғамның әрбір мүшесі белсенді атса­лысуы керек деген ойымен бөлісті.
– Жемқорлықты жою керек деп жиі ай­­­тамыз. Ең әуелі жемқорлықтың әлеу­мет­тік себебін жіті зерттеуіміз керек. «Арың­ды таза ұста» байқауында үздік шық­қан роликтер телеарналардан көрсе­ті­леді. Жемқорлықтың алдын алудың бір­ден-бір жолы – әрбір адам пара беру, пара алу деректері жайында құзырлы органдар­ға дер кезінде хабарлауы керек, – деді Илья Теренченко.
Байқауға жіберілген бейнероликтерді талқылаған комиссия мүшелері жемқор­лық деректерінің есебін жүргізіп ғана қой­май, оның салдарымен күресті күшейту керек деген пікірлерімен бөлісті. «Бейне­ро­ликтердің әрқайсысының түбінде бір шын­дық жатыр. Балабақша, мектеп, жо­ғары оқу орны, құқық қорғау саласы, жас маманның жұмысқа орналасуы, дәрігердің дип­ломды сатып алуы – бәрі қоғамда бар шын­дық. Біз жемқорлықтың тығырыққа тір­ейтіні туралы жиі айтамыз. Бірақ оны тү­бірімен жоюда енжарлық танытып жа­тады. Мәселен, баласын балабақшаға ор­на­ластырғысы келген ата-ана досынан па­ра алады. Досы баласын жұмысқа орна­лас­тыру үшін бас кейіпкерге пара береді. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық шыр­матылып жалғаса береді. Осындай әлеу­меттік роликтерді көрсету арқылы жа­ман­дықтан жирендіруге шақыру керек. Па­­рамен жан бағып жүрген ата-ананың бала-шағасына кері тәрбие беріп жатқаны көп­шілікті ойландыра ма? Мәселенің түйіні – осы. Сондықтан қоғамды жай­лаған дертті тамырынан қию керек», – деді Мәжіліс депутаты Артур Платонов.
Жемқорлықтың себебіне кеңінен тоқталған «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жем­­қорлықпен күрес жөніндегі респуб­ли­калық қоғамдық кеңес төрағасының бі­рін­ші орынбасары Оралбай Әбдікәрімов жастардың әлеуметтік өзекті бейне­ро­лик­тер түсіргеніне ерекше тоқталып өтті. «Жастар бейнероликтер арқылы жемқор­лық­тың әлеуметтік себебін көрсеткен. Бала кезден пара жайлаған қоғамды көр­ген жастардың жаман әдеттен қашық болу­ға үн қосуы – қуантарлық жағдай. Жем­қорлық қай саланың болсын түбірі­нен бастап кеулеп, құлатады. Бейнеролик­тер­де көрсетілген дәрігердің ақша алуы, баланы пара беріп балабақшаға орналас­тыру, әлеуметтік жағдайын параның есе­бінен жақсартудың түбі жазасыз қалмай­ты­нын ашып көрсеткен. Бейнероликте әс­керге шақырылған баласын парамен алып қалғысы келген әкенің шешіміне баласы келіспейді. Отан алдындағы боры­шын өтеуге өз еркімен кетеді. Мұндай патриоттық рухты көтеретін ойлар жас­тарға ерік-жігер сыйлайды. Екінші бей­не­роликте өрт қауіпсіздігіне сай келмейтін ба­лабақшаның басшысы пара беріп, мә­селені шешкендей масаттанады. Бірақ тексерудің орнына пара алған бақылаушы ор­ганның өкілінің әрекетінен қаншама бала зардап шегеді. Егер әр сала өз мін­де­тін саналы түрде дұрыс атқарса, қоғамда әлеуметтік проблемалар да азаяр еді» деді Оралбай Әбдікәрімов.
Байқаудың нәтижесінде, 1-орынды Нұр­жан Балахметов, 2-орынды Динара Кин­дербаева, 3-орынды Константин Петях иеленді. Көпшілік байқауға қатыс­қан бейнероликтерді қоғамдық орын­дар­дан тамашалай алады.

Майра ЖАНЫСБАЙ 

Бөлісу:

Пікір жазу


*