АСТАНАДАҒЫ «ШАПАҒАТ» БАЗАРЫ САТЫЛАДЫ

868
0
Бөлісу:

«Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  «Шапағат» коммуналдық базарын сатуға шығарды. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Коммуналдық базардың Жарғы капиталындағы 100  пайыз үлесі электрондық саудағы қойылған.  Сауда 11 желтоқсан күні сағат 10:00-де  Мемлекеттік мүлік  реестрінің www.gosreestr.kz  веб-порталында өтеді. Саудаға қатысушылар кепілді жарна ретінде 72 150 000 теңге төлеуі тиіс. Бастапқы бағасы 1 млрд 329 млн 971 984 теңге деп белгіленген.

Бөлісу:

Пікір жазу


*