Данэлия Төлешова 6-орынға ие болды

731
0
Бөлісу:

Данэлия Төлешова Минскіде өткен «Балалар Евровидениесі – 2018» халықаралық байқауында 6-орынды иеленді.

 

Ол жалпы есеп бойынша 171 балл жинады. Онлайн дауыс беру бойынша Данэлия ІІІ орынға ие болды.  Байқауда Польшаның әншісі 215 балмен жеңімпаз атанды. ІІ орынды Франция, ІІІ орынды Австралияның әншісі иеленді. Данэлия Төлешова «Өзіңе сен» әнін қазақ, ағылшын тілдерінде шырқады. Балалар Евровидениесіне 20 елдің өнерпазы қатысты. Қазақстан, Албания, Армения, Австралия, Әзірбайжан, Беларусь, Франция, Македония, Грузия, Ирландия, Израиль, Италия, Мальта, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Нидерландия, Уэльс, Украинаның әншілері өнерімен тәнті етті. Оның ішінде Қазақстан байқауға тұңғыш рет қатысып отыр. Данэлия Төлешова 2015 жылы «Жаға толқын» байқауына қатысып, одан кейін «Голос. Дети» шоуында жеңіске жеткен болатын.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*