Визасыз режим енгізуді сұрады

2614
1
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Дитмир Бушатиді қабылдады. Жоғарғы палата басшысы осы кездесу Қазақстан мен Албания арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жаңа серпін беретінін атап өтті. 

Қ.Тоқаевтың пікірінше, жаһандық саясатта рөлі тұрақты артып келе жатқан пар­ламенттік дипломатия өзара іс-қи­мыл­ға қарқын берудің пәрменді тетігі бола алады. Сенат төрағасы ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясына қатысу аясында қазақ­стандық сенаторлардың байланыстарды дамытуға мүдделі екеніне назар аудартып, албандық әріптестерді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Д.Бушати өз кезегінде Албания үшін біздің еліміз сенімді әріптес әрі дос екенін атап өтті.
«Біз ынтымақтастық жолындағы басты кезеңге келдік. Одан әрі ілгерілеп, байла­нысты дамыту қажет», – деді ол.
Еуропа және сыртқы істер министрі Дитмир Бушати Қасым-Жомарт Тоқаевты Албанияның 2020 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болуға ниеті және БҰҰ Қауіпсіздік кеңе­сі­не мүше болуға өтініш беретіні туралы ха­бардар етті. Дипломаттың пікірінше, Қа­зақстанның осы халықаралық құры­лымдардағы қызметіндегі оң тәжірибесі Албания үшін пайдалы болады.
Жүздесушілер екі ел арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық ынты­мақтастықты дамыту мүмкіндігін талқы­ла­ды. Д.Бушати Албания азаматтары үшін ви­­засыз тәртіпті енгізу мәселесін көтерді. Қа­­зақстандықтар үшін Албанияда мұндай тәртіп 2012 жылдан бері қолданылып келеді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Абдихапарова Галия 22 Қараша, 2018 at 12:19 Жауап

    Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлының бұл мақаласының маңызы мен мәні терең болып табылады. Ұлы даланы ұлықтау, тарихымызды қастерлеу бүгінгі таңда өзекті үрдіс деп білемін.

Пікір жазу


*