Қазақстан Грузиядан да жеңілді (видео)

862
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алтыншы туры аясында сырт алаңда Грузиямен ойнап жеңіліп қалды. D дивизионындағы бірінші топтың ойыны 19 қараша күні Тбилисиде өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Бұл матчтың турнирлік тұрғыдан маңызы жоқ болғандықтан бас бапкер Стойлов біраз көшбасшы ойыншыларды елде қалдырып кеткен екен. Олардың қатарында қақпақы Ненад Эрич, жартылай қорғаушылар Бауыржан Исламхан, Георгий Жуков, Еркебұлан Тұңғышбаевтар бар. Ал ұлттық құрама сапында «Тобыл» қақпашысы Дмитрий Непогодов тұңғыш рет өнер көрсетті. Ол алаңда толық 90 минут өткізді.

Матчтың 59 минутында Георгий Меребашвили есеп ашса, 84 минутта белгьялық «Гент» клубының ойыншысы Георги Чакветадзе есепті еселей түсті. Қазақстан құрамасы тек соңғы минутта ғана есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алды. Алаңға тыңнан шыққан «Шахтердің» 20 жастағы ойыншысы Оралхан Өміртаев өзінің құрама сапындағы тұңғыш голын соқты.

Осылайша, Грузия құрамасы 16 ұпаймен көш басында тұр. Қазақстан алты ұпаймен екінші орын алды. Ал Латвия құрамасы төрт ұпай еншілесе, Андорра көш соңында қалды. Қазақстан топта екінші орын алғанына қарамастан Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне шыға алмайды.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*