Ойлары бір жерден шықты

535
0
Бөлісу:

Астанада еліміздің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының заңнамалық қолдау және адами өлшем бөлімшелерінің басшылары Константин Вардзелашвилимен және Изабелла Хартманмен кездесті.

Оның барысында Қазақстанда жүр­гізіліп жатқан сот жүйесі мен оны реттейтін ұлттық заңнамалық базаны реформа­лау­дың құқық қорғау аспектілері талқыланды. Омбудсмен мәртебелі меймандарын өз мекемесінің аталған процеске қатысуы жайында хабардар етті. Бұл азаматтардың сотта қорғалуға және әділ сот ісін жүргізуге деген құқығын қамтамасыз етуді көздейді.
Осы ретте омбудсмен мекемесінің Жо­ғарғы сотпен ынтымақтастық туралы екі­жақты меморандум аясында өзара ­әре­кеттесу тәжірибесі шетелдік қонақтар­дың елеулі қызығушылығын тудырды. Ол сот тәжірибесін жинақтау тәртібінде сот­тар­дың іс-әрекеттері мен шешімдеріне түскен шағымдар туралы жоғары сот органын ұдайы құлағдар етіп отыруға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, биылғы жылдың 10 айы ішінде уәкіл атына азаматтардың сот ше­шімдерімен келіспеуіне қатысты 297 өті­ніш келіп түсті, бұл тіркелген өті­ніштердің жалпы санының 24%-ын құ­райды және өз кезегінде Мемлекет бас­шысының Қазақ­стан халқына Жол­дауында айтқан қазақ­стандықтардың сот жүйесіне жоғары сенім деңгейін қамта­масыз ету жөніндегі талабының уақты­лығын растайды.
Осыған байланысты жүздесушілер сот органдарының қызметін, сондай-ақ жүр­гізіліп жатқан сот реформасы ая­сын­да Қазақстанның судьялар корпусын іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесін транс­формациялаудың көкейкесті екендігі туралы ортақ пікірге тоқайласты.
Кездесу қорытындысы бойынша құ­қық қорғау ынтымақтастығы саласын­дағы диалогты нығайту және осы сала­дағы үздік тәжірибелерді пайдалана отырып, заң­наманы жетілдіру туралы уағдалас­тыққа қол жеткізілді.

Айхан Шәріп

Бөлісу:

Пікір жазу


*