Ипотеканы қайта қаржыландырғанда нені білу керек?

536
0
Бөлісу:

Қайта қаржыландыру – бірінші ал­ған ипотеканы тиімді шартпен қайта рәсімдеуге берілген мүмкіндік.

Борышкерге тиімділігі:

  1. Пайыздық мөлшерлеме төмендейді.
  2. Несиенің төлеу мерзімі азаяды.
  3. Бірнеше несиені біріктіре алады.

Банктің қояр талабы:

  1. Клиенттің төлем қабілеті тексеріледі.
  2. Жылжымайтын (немесе басқа да) мүлкі бар-жоқтығы тексеріледі.

Біле жүріңіз…

Қайта қаржыландыру кезінде жылжымайтын мүлік қайта бағаланады. Алғашқы несие берген банк несиені мерзімінен бұрын төлегені үшін белгілі бір соманы талап етеді. Банк несиені қайта қаржы­лан­дыруға борышкер тарапынан қосым­ша ақша төлеуді талап етеді. Бұл жағдайда ақша шығындап қайта қаржыландыруға тура келеді. Не болмаса бұрынғы шартпен төлеуге тура келеді. Сол себепті, қайта қаржыландыру кезінде банктің шарттары мен ұсыныстарымен мұқият танысқан жөн. Ескерер жайт, қайта қаржыландыру үшін міндетті түрде басқа банкке емес, несие алған банкпен де қайта келісім жасауға болады.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*