Лондон Димаш Құдайбергенді ерекше қошеметпен күтіп алды (видео)

2267
0
Бөлісу:

Димаш Құдайбергенді Лондонда қошеметпен күтіп алды.  DQ шоуына қатысу үшін келген әншіні Хитроу әуежайында көрермендері құшақ жая қарсы алды. 

Әншіні жанкүйерлері Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында алдағы концертіне сәттілік тілеп шығарып салған еді. Лондондағы халықаралық үлкен әуежайда қазақстандық әншіні әлемнің әр елінен келген жүзге жуық адам қарсы алды. Жанкүйерлер оған сыйлық пен гүл шоқтарын табыс етті. Қатысушылардың барлығы ерекше күйге бөленіп, сүйікті әншілерімен суретке түсті және тілдесу мүмкіндігіне ие болды.

Весна Медведева Лондонға Торонтодан (Канада) DQ шоуын көруге анасымен бірге келді.

– Димаштың музыкасымен шамамен бір жыл бұрын анам таныстырды. Содан бері оның шығармашылығынан көз жазбай келемін. Лондонда көңілім қуаныштан шалқып, ерекше сезімде жүрмін, – деді өз әсерімен бөліскен бойжеткен. Димаш Құдайбергеннің концертіне әлемнің әр түкпірінен жиналған көрерменнің қарасы көптігі соншалық, билеттер бірнеше апта бұрын сатылып кеткен.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*