«Өз бизнесіңді қалыптастыр» қандай жоба?

942
1
Бөлісу:

Бүгінде кәсіпкерлікпен айна­лы­­самын деген адамға мүм­кін­дік көп. Мемлекет тара­пы­­нан да жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Қандай да бір кәсіп бастағыңыз келсе, түрлі жоба-жоспарлар бо­йын­­ша ойыңыздағы істі дөңге­ле­тіп кетесіз. Соның ішінде кәсі­бін жаңадан бастағысы келе­тін жастарға барлық жағдай жасал­ған. Бұл жөнінде «Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттік жас­тар саясаты туралы» заңның 9-ба­бына сәйкес, жастардың кәсіп­кер­лік қызметіне жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілуі қажет деп көрсетілген.
Бұл жастар арасындағы жұ­мыс­­сыздықты азайтып қой­май, олардың белсенділігін арттыруға, өздігінен шешім қабылдауға, батыл қадам жаса­уына ұйытқы болады. Кәсіп­кер­лікпен ай­налысқан жастар қашанда елі­міздің өркендеуіне үлесін қосады.
Елімізде талабы таудай жас­тардың, жас кәсіпкерлердің ісіне қолдау білдіретін көптеген жобалар бар. Солардың бірі – «Өз бизнесіңді қалыптастыр» жобасы. Біз өз кезегімізде аталған жобаның өзге жобалардан қандай өзгешелігі, артық не кем тұсы бар деген сұраққа жауап іздеген едік.

Жоба жайында бірер сөз
«Өз бизнесіңді қалыптастыр» жобасының басты мақсаты – кәсіпкерлердің үлкен әрі тиімді қоғамдастығын құру. Жаңа алаң қатысушыларға өз жобалары туралы жаңалықтарды жария етуге, фотосуреттер мен видео орна­ластыруға, жаңа бизнесті қалыптастырудағы қиындықтар мен қателіктерді бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Бизнестің болашағы – қоғам­ның әртүрлі топтарының және экономикалық субъек­­тілерінің ауқымды қажет­ті­ліктерін қанағаттандыра алатын ұжымдық жобаларда екенін айта кеткен абзал. Мұнда әр адам келісім арқылы өз үлесін ала алады. Сондықтан бұл конкурс тек жоғары технологиялық сала­ларды қолдаумен ғана шектел­мей­тіндігін ескерген жөн. «Өз бизнесіңді қалыптастыр» жоба­сы өндірістік және ауыл шаруа­шылық жобаларды, сонымен қатар экологиялық, медициналық, білім беру мен қызмет көрсету саласындағы жобаларды дамытуға үлкен мүм­кіндік береді.
Биыл «Сәби» қайырымдылық қоры жас кәсіпкерлерге арналған «Өз бизнесіңді қалыптастыр» конкурсын алтыншы рет өт­кіз­­бекші. Айтпақшы, осы жылы конкурс серіктестерінің қатарында халықаралық EY («Эрнст энд Янг») консалтинг ком­паниясы барын айта кету керек.
«Өз бизнесіңді қалыптастыр» конкурсы белгілі пиар маманы Әлішер Елікбаевтың идеясынан туындаған. Жобаны қолдауға 2014 жылы танымал бизнесмен, Singulariteam қорының басқа­рушы серіктесі Кеңес Рақышев қосылса, кейін Kaspi Bank АҚ директорлар кеңесінің төра­ғасы Вячеслав Ким де қолдау көрсетушілер қатарынан табыл­ды. Соңғы кездері қонкурс Әсел Тасмағамбетова басқаратын «Сәби» қайырымдылық қорының аясында ұйымдастырылып келеді.
Бұл байқаудың бір ерекшелігі – жеңімпаз болған жас кәсіп­­керлер бизнес жобасын дамы­­ту үшін қайтарымсыз грант­қа ие болады. Сондай-ақ EY ком­па­ния­сының бизнесті жүргі­зу мен тұлғалық өсу бойын­ша шеберлік дәрістерін тыңдап, танымын кеңейтеді. Айта кетейік, жоба соңғы 5 жыл бойы тұрақты түрде өткізіліп, барлығы 41 жоба 1 миллион доллар көлеміндегі қолдауға ие болды.

Байқау туралы көпшілік ойы
Аталған жоба жөнінде елдің пікірі де сан алуан. Бірі бұл жобаны мақтаса, енді бірі мұндай жобаның керегі жоқ дейді. Дегенмен көпшілік «Өз бизнесіңді қалыптастыр» жас кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау деп біледі. Сонымен қатар жобаға қатысу жөнінде жасқа шектеу болмаса деген ұсыныстар да айтылды. Өзге пікірлер легі төмендегідей.
• Керемет бастама! Жас­тар­ға тамаша мотивация!
• Жақсы идея. Бірақ неге қатысушылар жасы шектеледі?
• Менің де өз жеке кәсібім бар. Бірақ бұл байқау туралы алғаш рет естіп тұрмын.
•Үздік жоба. Ұйымдастыру­шы­л­арға ризамын.
•Жүз мыңға қалайша жеке кәсібіңді дамытуға болады? Нақ­ты соманы белгілеу керек қой.
• Вячеслав – керемет адам. Жобаның басым бөлігін сол кісі қаржыландырады.

Жүлдегер кәсіпкерлер пікірі
2015 жылы өткен «Өз бизне­сіңді қалыптастыр» байқауының жеңімпазы, «Дөңгелек өңдеу» жобасының иесі Павел Шалагин: «Байқаудағы жеңістен кейін резеңке тыстарды ұнтақтау арқы­лы дөңгелекті қайта өңдейтін кәсіпорын аштым. Біз ескі тыстарды қайта өңдеп, солардан балалар алаңдарына қажетті төсем жасаймыз. Басқаша айтқанда, қоқыстан да пайдалы заттар өндіруге болады» дейді.
Ал 2013 жылғы байқау жеңімпазы, «Ангел» жоба­сы­ның негізін қалаушы Данияр Теңелов: «Жеңіп алған ақша­ны алғаннан кейін, Ангелдік жобаның техникалық мәселеле­рін шешуге баса назар аудар­дық. GPS трекерлерінің әртүр­лі модельдерін алдыру үшін шетел­дік компанияларға тапсы­рыс бердік. Бір сөзбен айтқанда, біз жұмысымызды сынауға көп уақыт жұмсадық», – дей келе, өз кәсі­бінің жай-жапсарын айтып өтті.
«Өз бизнесіңді қалыптастыр» конкурсының тағы бір финалисі, Robocomputers жобасының негі­зін қалаушы Рүстем Ақыш­бе­ков те байқаудан кейінгі кәсібі туралы әңгімелеп берді.
«Қазіргі уақытта Robocomputers тобы өздерінің роботтарын бүкіл әлем үшін өндіруге дайын­далып жатыр. Байқаудан кейін біз роботтарымыздың дизайн бойынша жұмысын жалғастырдық. Уақыт өте келе бізге SOS Ventures америкалық вен­чурлік қорының қаражаты жұмсалды. Ал Қытайдағы зауыт­тар­мен жаппай өндіріс пен байланыс орнату процесінде жобамыздың қаншалықты алға жылжығанын аңғардық» дейді жоба авторы.

Ұйымдастырушылар не дейді?
Бүгінгі кәсіпкерлердің бас­­­ты мақсаты – жергілікті нарық­­­ты көздеп қана қоймай, өз идеясының, өз ісінің табы­сы­на сеніп, алдына қойған жос­пар­ларын орындауға шексіз мүмкіндік алу. Міне, осылардың бәрі әр адамның табысқа жету­­дегі басты темірқазығы сана­­лады. Ал «Өз бизнесіңді қалыптастыр» жобасы осы мүм­кін­діктерді жүзеге асырады. Ендеше, жас кәсіпкерлерді жарқын болашаққа бастайтын ерекше жоба жөнінде ұйым­дас­тырушылар пікіріне кезек берейік.

Әсел ТАСМА­ҒАМ­БЕТ­ОВА,
«Сәби» қайырымдылық қорының басшысы:

– Бүгінде ада­м­дар ара­сын­да «Өтеусіз гранттар тара­ту дұрыс емес және олар кәсіп­керлерді босаңсытып жібереді» деген пікір айтылып жүр. Бірақ елімізде бар-жоғы 20-25 жыл бойы бизнесті бастап отырған адамдар қоғамдастығы жас екендігін ескерсек, сондай-ақ аса жоғары бәсекелестікті елесек, қазіргі таңда күнделікті күйбең тіршілікпен айналысқан жандар үшін өз ісін ашу іске аспайтын дүние болып көрінеді. Біздің жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып жүрген «Өз бизнесіңді қалыптастыр» атты конкурсымыз кәсіпкер жастарға жасалған қолдау десе болады.

Вячеслав КИМ,
Kaspi Bank АҚ директорлар кеңесінің төрағасы:

– Қазіргі уақыт­та биз­несін дамы­туды қалайтын жастардың қа­тары көп. Өзім кәсіпкер бол­ғандықтан, биз­несін да­мы­­туды көздейтін жастардың бары­на қуанамын. Мемлекет бізге ешнәрсе қарыз емес. Жастар өздерінің жеке салымын құруы керек. Егер «Өз бизнесіңді қалыптастыр» жобасы жалғаса берер болса елімізден мықты-мықты кәсіпкерлер шығады.

Кеңес РАҚЫШЕВ,
кәсіпкер:

– Біздің бай­­­қаудың та­ла­­­бы бойын­ша кә­сіп­кер жас, жасаған дү­ние­лері на­рық­қа шығып үл­гер­­ген болуы шарт. Жеңім­паз­дарды анық­­­тағанда олардың өндірісті өсіру мен жұмыс орнын арттыру сынды ұсыныстарына мән бердік. Егер байқасаңыздар, жобалар әлеуметтік, өңдеу өндірісі, білім, ғылыми-зерттеу салаларын қам­тыған. Біз бұл дәстүрді болашақта әлі де жалғастырамыз.

Түйін
Конкурс ерекше және тың идея­лармен бірге көптеген іскер тұлғалардың өз кәсібін әрі қарай дамытуына жол ашқа­нын мақала жазу барысында аңғар­дық. Қорыта айтқанда, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген адамдарға қомақты соманы сыйға
тарту – жастарға үлкен мотивация беріп қана қоймай, олардың жобаларының, бизнес-идеяларының алға жылжуына тікелей ықпал етеді.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Ерназ 15 Желтоқсан, 2018 at 13:35 Жауап

    СƏЛЕМЕТСІЗДЕРМЕ МЕН ЕРНАЗ ЖАКПАРОВ СЕМЕЙДЕН ЕТІКШІ МАМАНЫН МЕҢГЕРІП ЖҮРМІН 3 ЖЫЛ ӨЗІМ ДИЗАЙНЕР КАНСТРУКТОРМЫН БƏРІН ӨЗІМ М ІСТЕЙМІН ЕНДІ КƏСІПТІ ДАМЫТУҒА ҚАРАЖАТ ТЕХНИКАҒА ЖЕТПЕЙ ЖҮР.ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БОЛСАДА.ШƏКІРТТЕР ТƏРБИЕЛЕП ЕЛІМІЗДІҢ ШАҒЫН ӨНЕРЕƏСІБІН ДАМЫТУҒА ҚОЛ ҰШЫМДЫ БЕРГІМ КЕЛЕДІ.ШЖАСЫМ 37 ДЕ ІШПЕЙМІН ШЕКПЕЙМІН МҰСЫЛМАНМЫН.СІЗДЕРДІҢ БИЗНЕС ПРОЕКТТЕРІҢІЗ ШАРИҒАТ ЗАҢЫНА САЙ КУРС ЕКЕН СОҒАН РАЗЫМЫН.ЖАСЫ18- 35ДЕЙІН ДЕГЕНГЕ келіспей отырмын себебі адамның биологиялық жасы барғой.СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ ДЕГЕН.ОСЫЛАР ҚАРАЛУ КЕРЕК БЕРГЕН АҚША ДАЛАҒА КЕТПЕУ КЕРЕК.87079284330

Пікір жазу


*