Отбасыны қолдайық!

868
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті.

Жиынды ашқан Г.Әбдіқа­лы­қова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл­ғы Жолдаудағы «Жастар мен отбасы институтын кешен­ді қолдау – мемлекеттік саясат­тың басымдығына айналуға тиіс» деген сөзіне баса назар ау­дарды.
– Ұлттық комиссия жұмы­сы­ның маңызды бағыттарының бірі – отбасылық құндылық­тар­ды әсіресе, жастар арасында ны­ғайту, – деді Мемлекеттік хат­шы.
Бас прокуратура «Отба­сы­дағы зорлық-зомбылықсыз Қа­зақстан» пилоттық жобасын жү­зеге асыру қорытындысы жө­нінде мәлімет берді. Оны жү­зеге асыру барысында Шым­кент қаласы мен Түркістан об­лысы әкімдіктерінде Отбасы, жас­тар және балалар істері жө­нін­дегі басқармалар ашыл­ды. Шымкентте «Меди­ци­на­лық психологиялық оңалту ор­талығы» құрылды.
Сонымен қатар Қазақ­стан­да­ғы 2030 жылға дейінгі от­ба­сылық және гендерлік саясат тұжы­рымдамасын іске асыру бойын­ша Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орын­далуы жөнінде баяндама тың­далды.
Басқосуда ұлттық комис­сия­ның 2018 жылғы жұмыс қоры­тындысы мен 2019 жылға ар­налған жұмыс жоспары қа­рал­ды. Жиын соңында Мемле­кет­тік хатшы Гүлшара Әбдіқа­лы­қова мемлекеттік органдарға бір­қатар нақты тапсырмалар бер­ді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*