Шүкенов байқауы. Өтемұратов жүлде қорына 5 250 000 теңге бөлді

1049
0
Бөлісу:

Алматыда қарашаның 26 және 30 күндері ағаштан жасалған үрмелі аспаптармен орындайтын музыканттар арасында Батырхан Шүкенов атындағы байқау өтеді. Шараны Болат Өтемұратов қорының қолдауымен Батырхан Шүкенов қоры өткізеді.

Қатысушылар 5 номинация бойынша бақтарын сынайды. Олар флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофонда өнерлерін ұсынады. Қазылар алқасына Франция, Германия, Ресей және Қазақстанның өнер қайраткерлері шақырылды.

Музыканттарды іріктеу онлайн режимінде өтті. Бірінші турға қатысу үшін орындаушылар аспапта ойнаған  бейне жазбаларын жіберді. 43 қатысушының барлығы да 32 жасқа дейінгі кәсіби орындаушылар, сондай-ақ кіші және жоғары  дәрежелі музыкалық оқу орындарының студенттері. Іріктеуден 28 адам өтіп, күздің соңғы күндерінде Алматыда бақ сынайтын болады.

– Қатысушылардың құрамы өте күшті. Менің ойымша, өз мамандықтарының үздік өкілдері қатысып отыр. Бұл жоғары деңгей іріктеу сатысында үміткерлерге қойылған талаптарға байланысты негізделді. Алда екі  кезең бар, бұл музыканттардың өздерін көрсету, әртістік, ансамбльде және солода ойнау қабілеттерін таныту үшін тамаша мүмкіндік, – деп түсіндірді Әкім Мұхатжанов.

Байқаудың мақсаты – ұлттық үрмелі орындаушылыққа назар аударту. Оның маңыздылығын Жанат Ерманов та атап өтті: «Өкінішке орай, қайта құру басталғаннан бері көптеген байқаулар жоғалды. Астанада бір ғана байқау бар, ал Қазақстанның үрмелі мектебінің 50 жылдық тарихы бар, студенттердің және жас орындаушылардың жеткілікті саны бар екенін ескере отырып, бұл, әрине, жеткіліксіз. Сол себепті Батырхан Шүкенов атындағы конкурс дәстүрге айналғандықтан, музыканттарға өздерін көрсетуге үлкен мүмкіндік туады».

Ағаштан жасалған бірінші республикалық конкурстың жеңімпаздарының есімдері 30 қарашада жарияланады. Әр номинацияда І, ІІ, ІІІ дәрежелі жүлделер, сондай-ақ Дипломанттардың дипломдары мен атақтары табысталып, «Үздік сүйемелдеуші» анықталатын болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 5 250 000 теңгені құрайды.

Асқар Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*