Құқықтық көмек қолжетімді

451
0
Бөлісу:

Әділет органдарының алдына қойылатын негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқығын қорғау. Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуына сүбелі үлес қосу. Әділет министрлігі – орта­лықтандырылған орган. Тиесілі құзыреті аясында мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етеді. Мемлекеттік орган­дардың заң шеңберінде, құжатқа сәйкес жұмыс істеуін қадағалайды.

Сонымен қатар Әділет министрлігі адвокатура, нотариат, сот сараптамасы қызметтерін реттейді. Құқықтық ақпарат бойынша республикалық ор­талықтардың қызметін бағалайды.
Аумақтық әділет органдардың негізгі функциясына заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқығын, жергілікті өкілетті және атқарушылық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, құқықтық көмек және заңды қызмет көрсету, құқықтық көмекті насихаттау, бағалау қызметі аясында мемлекеттік бағалауды қамтамасыз ету, интеллектуалдық мен­шік құқығын қорғау аясында іс-ша­ралар ұйымдастыру жатады.
Әділет органдары Ұлттық кәсіп­керлер палатасымен бірлесіп, тұрақты түрде бизнес пен қоғамның өкілдеріне жаңа заңнамаларын түсіндіру жұмыс­тарын жүргізеді. Бизнес үшін әкімшілік қарама-қайшылық­тарды төмендету үшін нәтижелі ша­ралар қолданады. Атап айтқанда, бизнесті дамыту оңтай­ландырылады. Яғни, тіркеу рұқсат етілетін тәртіптен хабар­ламалық тәр­тіпке өтті. Қазақ­станда заңды тұлғаны тіркеу шығарма­шылық субъектісінің түріне байла­нысты 1 күннен 14 күнге дейін уақыт алады. Бұл кезде заңды тұлғаның жарғысын тап­сыру міндетті емес. Себебі, ол заңды тұлғаның ішкі тәртібін реттейтін құжат. Тіркеуші ор­ганға тек заңды тұлғаның дерекқорына қажетті ақпаратты енгізу үшін осы заң­ды тұлға туралы мәлі­меттері көрсетілген өтініш қажет. Осы арқылы тіркеу кезіндегі кедергілер толық жойылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір түрлерін азаматтар электронды үкімет арқылы үйден шықпай-ақ қолдана алады.

Абай ҚОРАЗОВ,
Алматы қаласы Түрксіб аудандық Әділет басқармасының инспекторы

Бөлісу:

Пікір жазу


*