Астана: Жарылғыш зат «қойған» 15 жасар жасөспірім құрықталды

1075
0
Бөлісу:

Бүгін таңертең 08.00-де Астанадағы №22 мектепке белгісіз біреу хабарласып, білім ошағына жарылғыш зат қойылғанын және сағат 11.00-де іске қосылатынын айтып, телефон шалған. Бұл туралы білім ошағының директоры бірден 102 нөміріне хабарлап, мән-жайды баяндаған болатын.

1800 адам шұғыл түрде сыртқа шығарылып, сағат 10.05 те тексеру жұмыстары толық аяқталды. Абырой болғанда, ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Жедел іздестіру шаралары барысында 15 жасар жасөспірім ұсталып, оның бұзақылық әрекетпен телефон шалғаны анықталды. Қазіргі сәтте террорлық акті туралы жалған хабарлама таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Заң бойынша мұндай әркетке барғандар қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылады. ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша лаңкестік ақпарат таратқан күдікті алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әмірлан МӘУЛЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*