Екіжақты байланыс қос тарапқа да тиімді

460
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда «Қазақстан­дық­тар­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жария­лады. Қазақстан Президенті елдің әлеу­мет­тік-экономикалық даму болаша­ғы мен әл-ауқатын одан ары арттыру жөнін­дегі жариялаған мазмұны терең, мақсаты айқын Жолдауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көз­қарасы мен көшбасшылығын айқын көрсетеді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан берідегі 27 жыл ішінде, Президент Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақ­станның қоғамында тұрақтылығы сақталып, экономикасы қарқынды да­мып, халықтың өмір сүру деңгейі көте­рі­ліп, елдің халықаралық аренадағы беделі күн сайын артып, дамудың жарқын бола­ша­ғына жол ашты. Қытай дос әрі көрші ретінде Қазақстанның жеткен жетістіктері үшін шын жүректен қуанышты.
Соңғы жылдары ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басшылығымен Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси өзара сенім мен қолдау одан әрі нығайып, екі ел арасындағы өзара тиімді ынты­мақ­тас­тық тереңдей түсіп, бірлесе құр­­ған «Бір белдеу – бір жол» бағдарлама аясындағы өнді­рістік нысандар саласын­дағы ынты­мақ­тастық өзінің нәтижесін көрсетіп, екі елдің ортақ дамуына айтарлықтай ықпал етті. Қазақстандағы Қытай Халық Респуб­ли­касы елшілігі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы кезін­дегі келесі бес аспектіні іске асыруға және Қазақстанның дамуына нақты іс-әрекет­тері­мен белсенді қолдау көрсетуге дайын.
Біріншіден, Қазақстандағы негізгі қалалар мен аймақтың құрылысын қолдау. Мемлекет басшысы Жолдауында, аймақтық және қалалық инфрақұрылым­ды жүйелі түрде дамытуды және урбани­за­цияны басқарудың жаңа жоспарын әзірлеуді ұсынды. Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Шымкент­ке рес­­публикалық маңызы бар қала мәрте­бе­сін беріп, ал Түркістан қаласында turkistan арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл Қазақстанның оңтүс­тігіндегі кең аумақтарды дамытуға үлкен тарихи маңызы бар. Осыған орай жақын арада Шымкентке және басқа да өңірлерге жұмыс сапармен барып, жергілікті өкімет мекемелерін аралап, оңтүстік өңірдің даму қажеттілігін түсініп, екі ел арасындағы іскерлік байланыс және жобалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал көрсетуді жоспарлап отырмын. Қазіргі уақытта қытайлық компаниялар Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар Түркістанда түйе сүтінен дайын ұнтақ шығаратын Қазақстан мен Қытайдың бірлескен Golden Сamel group LTD зауы­тының құрылысы толық аяқталды.
Екіншіден, Қазақстанды шикізаттық емес сектор салаларын дамытуды қолдау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауы кезінде ұлттық экономиканың дамуына экспортқа бағытталған өңдеуші кәсіп­орындарды қолдау және қазақ­стан­дық өнімдерді халықаралық нарыққа шығаруға қолдау көрсету керек екенін атап өтті. Қытай – Қазақстанның жақын көршісі және әлемдегі ең ірі тұтыну нары­ғы. Қазақстан Қытайға экспортты кеңей­туде ерекше басымдылыққа ие. Қазіргі уақытта қытайлық компаниялар Қоста­най, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыс­тарда экспортқа бағытталған Қазақ­­станның өңдеу кәсіпорындары, соның ішінде заманауи автомобиль жинау және өндірістік зауытты, астық және майлы дақылдар өңдеу өнеркәсіптерімен ын­тымақтастықта. Оның өнімдерінің көбі Қытайға және Еуразиялық экономи­ка­лық одақ елдеріне сатылып, Қазақ­стан­ға зор экономикалық пайда әкелуде. Сон­дай-ақ бұл жобалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан жоғары бағаланды. Болашақта Қытай елшілігі Қазақстан мен Қытай арасындағы әлеуетті ынтымақ­тас­тық­ты нығайтуға жағдай жасап, Қазақ­стан­ға неғұрлым озық және жасыл өндіріс қуатын енгізуге, Қазақстандағы үшінші индустриялық революцияға демеу көрсе­ту­ге, өнеркәсіпті жаңғыртуды жүзе­ге асыруды, экспорттық әлеуетті дамытуға, «Қазақстанда жасалған» жоғары сапалы өнімдерді әлемдік деңгейге шығаруға қол­дау көрсетеді. Болашақта Қытай елші­лігі екі ел үшін аймақтық екіжақты праг­ма­тикалық ынтымақтастықты нығайтуға, Қытаймен ынтымақтастық үшін Қазақ­стан­ның әрбір өңірінің аймақтық артық­шылықтары мен қосымша артық­шы­лығын анықтауға, негізгі қала­лардың кластерін дамытуға жәрдемдесіп, жер­гі­лік­ті халықты жұмыспен қамтуға және халық­т­ың өмір сүру жағдайын жақсартуға ықпа­лын тигізуге дайын.
Үшіншіден, жоғары технологиялық және инновациялық салаларды дамытуда Қазақстанды қолдау. Жолдауда Мемлекет басшысы инновация мен «болашақ эко­но­мика» дамуына ерекше назар аудару керегін атап өтті. Соңғы жылдары Қытай да, Қазақстан да технологиялық инно­ва­цияларға және инновациялық эко­номиканы дамытуға үлкен назар ауда­ру­да. Осы салада өзара тәжірибе алмаса оты­рып, екіжақты оқу қос тарапқа да аса тиімді. Қытай Қазақстанмен бірлесе оты­рып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінде орналасқан алғаш­қы супер есептеуіш орталығын құру жұмыс­та­рын жүргізуде.
Қытай елшілігі заманауи агро­тех­но­ло­гиялар, биомедицина, жасанды интел­лект, үлкен дереккөздері, электронды тауар бағытында өзара тиімді ынтымақ­тас­тықты жалғастыруға, ғылыми зерт­теу­лер мен инновациялық мүмкіндіктерді бір­лесіп жетілдіруге, жоғары техноло­гия­лық индустрияландыру мен нарыққа шығуды жеделдетуге және екі елдің эко­но­микалық дамуын негізге ала отырып, бәсе­кеге қабілеттілігін арттыруға дайын.
Төртіншіден, туризмді дамытуда Қазақстанды қолдау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда ішкі және сыртқы туризмді қарқынды дамыту керектігін атап көрсетті. Қазақстан – табиғаты өте әдемі, туристік ресурстарға бай ел. Соңғы жылдары Қазақстан үкіметі туристік ор­та­ны жақсарту бойынша жаңа шара­лар­ды үнемі енгізуде. Атап айтқанда, өткен жылы Астанадағы арнайы ұйым­дасты­рыл­ған әлемдік EXPO көр­месі, «Қазақ­стан­дағы Қытай туризм жылының» сәтті аяқталуы, көлік қаты­нас­тары және турис­тік инфра­құрылымды жақсартып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанға саяхат жасау үшін көптеген қытай турисін қоса алғанда, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды.
Біз екі елдің туризм салалары және кәсіп­орындары арасында өзара алмасу­лар­ды нығайтуға, мемлекетаралық туризм­ді дамытуға, екіжақты визалық сая­сатты зерделеп, халықаралық туризмді кең көлемде жүзеге асыруға қажетті жағ­дай жасауға дайынбыз.
Бесіншіден, Қытай мен Қазақстан жастары арасында тәжірибе алмасу жүргізу. Мемлекет басшысы өз үндеуінде, әлеуметтік-рухани жаңғырту үдерісін дамы­туды, жастарды жан-жақты қол­дау­ды және 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Жастар – елдің бола­шағы және Қытай – Қазақстан досты­ғы­ның мұрагерлері.
Қытай елшілігі Жастар жылы іс-шараларына белсене қатысуға және қытайлық және қазақстандық жастар арасында түрлі сала бойынша алмасуды ынталандыруға, осы іс-шара аясында екі елдің тиісті ведомстволары, универ­си­тет­тері мен үкіметтік емес ұйымдары «Жас­тар алмасу лагері» сияқты түрлі іс-шара­лар­ды бірлесе жүргізіп, екі тараптан жас­тарды бір-бірінің тілін үйренуге, Вичат және басқа да онлайн әлеуметтік платформалар арқылы жақсы дос болып, Қытай мен Қазақстан арасындағы достық алауын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға ниетті.
Қазіргі уақытта Қытай мен Қазақстан дамудың маңызды кезеңінде. Қытай 2049 жылға дейін қытай ұлтының қайта өркендеу жолында «Қытай арманын» іске асырса, Қазақстан 2050 жылы әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатына жетеді. Екі елдің стратегиялық мақсаттар­ға жетудегі уақыттық нүктелері ұқсас, мүдделері – бір.
Қазақстандағы Қытай елшісі ретін­де, өз атымнан және Қытай елші­лігі аты­нан екі елдің ортақ дамуына жәр­дем­десуге, екі мемлекет тұрғын­дары­ның әл-ауқатын арттыруға және Қытай мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жо­ға­ры деңгейде үздіксіз дамуына ық­пал етуге бар күш-жігерімді жұмсауға дайын­мын.

Чжан СЯО,
Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және
өкілетті елшісі

Бөлісу:

Пікір жазу


*