Air Astana Португалияда апатты жағдайда қонды

972
0
Бөлісу:

Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Португалияның Бежа қаласына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.


ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, 11 қарашада Embraer 190 ұшағы аспанға көтерілгенде техникалық ақау пайда болған. Португалияның әуе-техникалық орталығынан Қазақстанға KC1388 аралық рейсін орындауға атанған әуекемесі қосымша аэродромға аман-есен табан тіреген.

Әуекомпанияның баспасөз қызметі «Ұшақ EASA Part-145 лицензиясы бойынша сертификатталған мамандар жүргізген техникалық c-check тексеруінен қайтып келе жатқан. Әуе кемесінде қосымша техникалық тексерулер жүргізіледі, содан кейін Қазақстанға оралады. Сонымен қатар, оқиғаға қатысты тергеу жүргізіледі» дейді.

Португалиялық Jornal de Noticias газеті Embraer 190 ұшағы Бежа әуежайына үшінші әрекетінен кейін ғана қона алғанын жариялаған. Ұшақ апат дабылын қосқаннан кейін португалиялық ӘӘК-нің екі F16 ұшағы Монте Реал базасынан көмекке келген. Сонымен қатар, басылым ұшақтың әуежайға қонуға тырысқан сәтінің видеосын жариялады.

Экипаж мүшелеріне медициналық көмек көрсетіліп, 54 жастағы британ және 37 жастағы қазақстандық ауруханаға жеткізілген.

Mira Online басылымы ұшақтың бірден бірнеше басқару жүйесі істен шыққан деген де мәлімет таратты. «Ұшақ күтпеген траектория бойынша шеңбер жасап, биіктігін жоғалтты. Оның жылдамдығы мен биіктігі өзгеріп тұрды. Экипаж мүшелері әуедегі ұшақты үлкен қиындықпен ұстап тұра алды» деп жазады басылым қызметкерлері.

Әмірлан МӘУЛЕН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*