Қазақстандықтарға Түркия есігі 90 күн ашық

1131
0
Бөлісу:

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның 2018 жылғы 10 қарашадағы жарлығына сəйкес, Қазақстан азаматтары үшін Түркия аумағында визасыз жүру мерзімі 90 күнге ұзартылды.
Осыған дейін Қазақстан азаматтары үшін Түркия аумағында визасыз жүру мерзімі 1 ай болатын.
Үш есе ұзартылған жеңілдік ресми газетте жарияланды. Қолайлы мүмкіндік Өзбекстан, Тәжікстан және Ливия азаматтарына да беріліп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Түркия Республикасы екі жыл бұрын әлемнің 89 елімен визалық режимді қалпына келтіре бастаған еді.
Haberizmir газеті сол уақытта бұл шешім Түркия мен Еуропа одағы арасында визалық режим мен реадмиссияны жеңілдету туралы келісімнен соң қабылданғанын хабарлаған. Визалық тәртіп қайта енгізілетін елдер қатарында Қазақстаннан бөлек, Албания, Әзербайжан, Белиз, Босния және Герцеговина, Экватор, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан және Украина сияқты елдер айтылған.

Қ.Байдаулет

Бөлісу:

Пікір жазу


*