Жәрдемақы мөлшері қанша?

2159
3
Бөлісу:

Бала туғанда берілетін бірреттік жәрдемақы:

  1. Бірінші, екінші, үшінші балаға – 91 390 теңге;
  2. Төртінші және одан да көп балаға – 151 515 теңге.

Бір жасқа дейінгі берілетін ай сайынғы жәрдемақы (жұмыссыз әйелдерге):

  1. Бірінші балаға – 13 853 теңге;
  2. Екінші балаға – 16 379 теңге;
  3. Үшінші балаға – 18 880 теңге;
  4. Төртінші және одан да көп балаға – 21 405 теңге.

 

Біле жүріңіз…

  • Жұмыс істейтін әйелдер жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты  (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдармен расталады) 24 айға бөліп, содан кейін 0,4-ке көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастауы керек.
  • Ал жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері есептеу үшін орташа айлық табысты жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 пайыз зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.
  • 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Жәрдемақы көлемі – 29 699 теңге.
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегерлеріне 15 392 теңге төленеді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

3 пікір жазылған

  1. Жамал Нургазиева 16 Қараша, 2018 at 01:20 Жауап

    Салеметсиз ба менің 5 балам бар мен атаулы алаалмаи отырм алдында атаулы алганмын соган мал ал деп отыр мен оган мал алсам балдарым не ішип жеиді киемі тагы бар ол бала берген атаулы комек емес па жолдасымда жумыста жокпыз кіріс акшамыз 10 мын тенңге 5 ер балам бар маган комек бериндерши отінемин атаулы алуга малды ал деп аитпасын калада ондаиды естімеимиз ауылда болып жатыр соны карасандар деим Кызыл орда облысы Арал ауданы Сексеуіл кенті

  2. Аинур 16 Қараша, 2018 at 12:22 Жауап

    Менiн бес балам бар, орлеу багдарламасына катыскандар атаулы алуметтiк комек аладыма,бipaк бiзге орлеуге катысканда ештене аиткан,тек оибай орлеу алындар 10 процент маган бересiндер деп 60.000 тенге алып калды.

Пікір жазу


*