Аршавин «Қайратпен» қоштасты (видео)

736
0
Бөлісу:

Қазақстан чемпионатының соңғы 33 турында «Қайрат» пен «Шахтер» кездесіп, алматылық клубтың жартылай қорғаушысы өзінің қоштасу матчын өткізді. Алматының орталық стадионында өткен кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды. Аршавин ойынға екінші таймда араласып, жасыл алаңда 40 минут ойнады.

Осы ойыннан кейін «Шахтер» 36 ұпаймен сегізінші орында қалса, «Қайрат» 62 ұпаймен ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұған дейін алматылық клуб Аршавинмен келісімшарттың аяқталатынын және оны созбайтынын, ал 37 жастағы ойыншының өзі бұдан соң басқа клубқа ауыспайтынын мәлімдеген еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Андрею Аршавину подарили чапан после последнего матча в карьере . Аршавин вышел на замену в матче «Кайрат» – «Шахтёр», который завершился со счетом 0:0. . Для 36-летнего футболиста это был последний матч в карьере. . В составе «Кайрата» Аршавин отыграл три сезона. За это время он провел во всех турнирах за алматинцев 107 матчей, в которых забил 30 мячей, отдал 37 голевых передач, получил 13 желтых и одну красную карточку. Россиянин дважды становился серебряным призером чемпионата, выигрывал Кубок и Суперкубок Казахстана. . #спорт #футбол #аршавин #шава #кайрат #зенит #россия #легенда #арсенал #кпл #алматы #казахстан

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Аршавин «Қайрат» сапында үш маусым өткізіп, 107 матчқа шықты, 30 гол соқты және 37 голдық пас берді. Сондай-ақ 13 сары, 1 қызыл қағаз алған. Екі мәрте ел чемпионатының күміс жүлдегері, бір рет ел кубогы мен Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. Бүгінгі матчтан соң Аршавиннің өзі пікір білдірген.

«Айтарлық ештеңесі жоқ. Жақсы матч болды. Карьерамды толықтай аяқтаймын. Қарашаның аяғында Санкт-Петербургке кетемін. Маған «Қайратта» жұмыс ұсынған жоқ. Барлығы мені қолдап жатыр. Бәрі мені көргісі келеді, мен үшін стадионға келеді. Мұның бәрі адам көңілінде жақсы әсер қалдырады. Алматы туралы көңілімде жылы сезім қалыптасты. Мен мұнда тағы келемін, бірақ екі жылдан соң.

Чемпион атана алмағанымыз өкінішті. Былтырғы «Астанамен» болған ойын және «Таразға» соққан голым есімде қатты қалды. Біз гол соққымыз келеді, бірақ көбіне Эсеолаға жұмыс істедік. Питерде өткен «Зенит»-«Қайрат» кездесуі мен үшін қоштасу матчы болды деп ойлаймын.

Егер мен селекционер болсам Бауыржан Исламхан мен Исламбек Қуатты шетелдік клубтарға ұсынушы едім» дейді ресейлік футболшы.


Аршавиннің қоштасу кездесуіне Алматыда 14 мыңнан аса адам келді. Ол екінші таймда алаңға шыққан кезде жанкүйерлер айғайлап, құрмет білдірді. Аяғына доп тиген сайын адамдар қиқулап, қолдау танытты. Аршавин де тырысты. Бірақ оған гол соғу мүмкіндігі бұйырған жоқ.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*