21 жастағы қазақ дзюдошысы әлемдік Гран-приде топ жарды (видео)

1219
0
Бөлісу:

Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Гран-при турнирінде топ жарды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін Дидар бұл жолы бес қарсыласпен белдесіп, бесеуінде де басымдылық танытты. Алдымен ирандық балуаннан айласын асырса, одан кейін испан, венгр және грек мықтыларын жолдан тайдырды. Ал финалды моңғолиялық Дағвасурен Нямсуренді жеңіп кетті.

Еске салсақ, Дидар биыл Азия ойындарында да қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль еншілеген еді. Сондықтан 2018 жылды 21 жастағы қазақ жігіті үшін аса табысты өтті деуге толық негіз бар. Дидардың ендігі арманы – 2020 жылы Токио олимпиадасында топ жару.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*