Рәміздерге қатысты тапсырма берді

659
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты.

Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова азаматтардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсін­ді­ру жұмыстарын жүйелі түр­де ілгерілету, патриоттық тәрбие­нің рөлін, әсіресе, жастар арасында одан ары жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әрбір қазақ­стан­дық жүргізіліп жатқан рефор­малардың мәнін және олар­дың Отанымызды өркен­дету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Оларды та­быс­ты жүзеге асыру үшін қоға­мы­мыз­дың ортақ мақсатқа жұмы­луы аса маңызды» деген сөзіне тоқталды.
Отырыста Жоғарғы сот­тың, Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстары әкім­дік­терінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және наси­хаттау жөніндегі есептері тыңдалды. Жиында сондай-ақ комис­сияның биылғы қызметі сараланып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Басқосу қорытындысы бойынша Гүлшара Әбдіқа­лы­қова мемлекеттік органдар бас­­шыларына мемлекеттік рә­міз­­дерді пайдалану, қолдану және насихаттау саласындағы мем­ле­кеттік саясатты жүзеге асыру бойынша нақты тапсы­р­малар берді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*